Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сағаты 150 000 теңгелік саунада қыздар жалаңаш қызмет көрсетуде (фото)

Опубликовано:

Алматыда сағаты 150 мың теңгелік саунада қыздар тыржалаңаш қызмет көрсетуде деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Ұятсыз мекеменің қызметі Алматы қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының арнайы тексерісі кезінде әшкере болды.

150 000 теңгеге қандай сервис кіреді?

Медеу ауданындағы мына коттеджде төрт сауна мен оншақты қонақ бөлме орналасқан. Әр саунаның ішінде мәрмәрмен қапталған қауыз, хамам секілді жуыну, демалыс бөлмелер бар. Бір саунаның жалға алу құны - сағатына 150 мың теңге. Қыздар аталған сомаға клиентті бастан-аяқ шомылдырып, кірін езіп, тырнағын алумен қатар, жалаңаш денелерімен еркектерге массаж жасап береді.

Тағы оқыңыздар: ОҚО-да жантүршігерлік жол апатынан бір әйел мен кішкентай екі бала қаза болды

Қызметтің бұл түрін олар «Боди массаж» деп атайды. Ал қалталы азаматтар үшін жуыну сылтау ғана, олар бұл жерге бөксесін бұлтыңдатып жүріп, омырауымен массаж жасайтын қыздардың өнерін тамашалауға келеді екен. Даяшылардың сөзінше, 150 000 теңгеге тазалыққа арналған бұйымдар, бастан-аяқ саунаның киімі және ыстық тамақ кіреді.

Тоңазытқышта тұрған сусындарды қалағаныңызша ішсеңіз де болады. Бәрі тегін. Ал спирттік ішімдіктер ақылы. Себебі, бұл жердегі ащы судың ең арзаны – 50 мың теңгеден басталып, миллионнан асып жығылады.

Көктем еркектердің ең жиі келетін уақыты

Даяшының сөзінше, қазір Ораза айы болғандықтан қонақ өте аз. Клиенттің қаптайтын уақыты көктем екен.

Тағы оқыңыздар: Қазақ боксын мойындаған пәкістандықтар бас бапкерді Қазақстаннан шақырды

«Көктем - еркектердің қозу мезгілі деп есептелінеді. Ең көп клиент осы кезде. Сосын жаңа жылдың алды. Жалпы қыс кезінде де есігіміз айқара ашық. Әрбір клиент бір саунаны кемі 2-3 сағатқа алады. Тіпті бір тәулікке жалдайтындар да бар. Ұзақ уақытқа демалатындармен аға әкімші өзі келіседі, мен білмеймін», - дейді даяшы.

Қонақтар арнайы жазбамен кіреді

Саунаға ақшасы бардың бәрі кіре алмайды. Себебі, бес метрлік дуал үнемі жабық. Клиенттер алдын-ала толық төлем жасап, әкімшіден құпия сөз алады. Олар осы сөзді есік алдында тұрған бейнебақылауға айтып, бет-жүздерін көрсеткен соң ғана ішке кіруіне рұқсат.

Сертификатты жезөкше

Саунаға келген клиенттеріне «Боди массаж» жасайтын бір немесе екі қыз береді. Ал егер одан да көп сылқым керек деушілер әр бойжеткеннің 20 минутына 10 мың теңгеден қосымша төлем жасайды. Мұнда жұмыс істейтін қыздар бетінің әдемілігіне емес, бөксесі мен омырауының үлкендігіне қарай іріктеліп алынады екен. Ал бойжеткендер болса, бұл қызмет түрін екі-үш ай арнайы курс оқып, үйренгендерін айтады.

«Мен жезөкше емеспін, жай массажиспін. Сертификатым бар. Менің қызметім интимсіз, белсіз еркектерді емдеймін осылай», - дейді Әсел есімді бойжеткен.

Полицейлердің «тексерейік» деген сөзіне «Боди массажистер» сертификат түгіл құжаттарын таппай, түрлі сылтау айтумен болды.

Демалыс тек массажбен аяқталмайды

Полицейлердің сөзінше, массаж жасайтын қыздардың жұмысы ем-доммен аяқталмайды. Олар саунаға клиент тарту үшін осындай қызмет ұсынып, артынша тәндерін саудалайды. Оған қосымша ақы алады екен. Ал жалаңаш денемен емдеу шаралары да заңға қайшы. Алматыда осындай қызмет ұсынатын 20-ға жуық сауна анықталып, қожайындарына хаттама толтырылып, істері сотқа жіберілді. Олар жасырын жезөкшелік пен жыныстық жұмыстар жүргізгені үшін мемлекетке миллиондап айыппұл төлейтін болады.

Тағы оқыңыздар: Күйеуінен кек алу үшін өз қызын сабаған келіншек баласын қайтарып алды

Қыруар қаржы тапқан қыздардың қорқынышты өмірі

Жарты сағатына 10 мың теңге тапқан сылқымдар әр саунаны үйіне айналдырған. Олар элиталық моншаның шатырындағы қуықтай бөлмесінде бес-жеті қыздан бірігіп тұрып жатыр. Мұндағы санитарлық жағдайды ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Алақандай жерде ұйықтап, кірін жуып, қала берді кәсібін дамытқан. Өздері болса, клиенттен «тікелей ақша алмаймыз, тек жалақыға жұмыс жасаймыз» деп ақталуда. Алайда бұл сөзге ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының өкілдері сенбеді. Енді қыздар заңға қайшы қызмет көрсеткендері үшін қомақты айыппұл төлейтін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1522644-almatyda-sagaty-150-000-tengelik-saunada-kyzdar-zhalanash-kyzmet-korsetude-foto/

pixel