1522427 Жас жігіт рэп арқылы жұртқа танылып үлгерген ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

Танымал ақын Ринат Зайытовтың сымбатты немере інісі Сұңғат Рифхат туралы бірқатар қызықты деректерді NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап, назарларыңызға ұсынады.

Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

Сұңғат Рифхат. Фото Сұңғаттың желі парақшасынан алынды

Интернет жұлдызына айналған Сұңғат Рифхат Ринат секілді өнерге бет бұрған. Алайда ол халыққа ақындық өнерімен емес, рэпер ретінде танылып жүр.

Эминемнің әнін домбырада орындаған азамат YouTube желісінде 1,7 млн қаралым жинап үлгерді.

Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

"Осы жылы мен Жүргенов атындағы өнер академиясын "театр және кино актері" мамандығы бойынша тәмамдадым. Мені танымал еткен ролик достарыммен отырғанда аяқ асты түсірілген. Содан кейін мен бір күнде танымал болып шықтым. Тіпті телевидениеге де шақырту алдым. Театрға бармайтыным анық. Ал фильм кастингтеріне міндетті түрде қатысып көремін", - дейді 24 жастағы Сұңғат.

Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

Тағы оқыңыздар: Дауысы Қайрат Нұртастан айнымайтын балақай желіні жарды (видео)

Бүгінде Сұңғат Алматыда тамада болып жүр. Қазақ-түрік лицейін бітіргендіктен, арасында аудармашы болып жұмыс істейді. Болашақта досымен бірге рэперлік дуэт құрмақ.

Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

Фото Сұңғаттың Facebook парақшасынан алынды

Талай өнер иелерін сыртқы келбеті мен стиліне бола сынап үлгерген Ринат Зайытов немере ағасына да ақылын айтып отырады. Мәселен, ол Сұңғатқа қазақ ұлттық музыкасын орындауға кеңес беріпті.

Ринат Зайытовтың сымбатты бауыры Эминемнен асып түсті (фото, видео)

Тағы оқыңыздар: Жансейіт Түймебаев соғыс алаңына ұқсайтын ауылдың келбетіне күйінді (фото)

Айта кетерлігі, Сұңғат Түркияда түрік тілінің олимпиадалары аясында өткен халықаралық байқаудың лауреаты атанған. Ол жерде жас жігіт Босфор жағалауына салынған стадионда домбырада ойнап, өнер көрсеткен.

Источник: Nur.kz
В статье: Ринат Зайытов

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 29

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .