1521492 Жас музыкант ғылыми дәрежеге қол жеткізді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Магистр атанған Әли Оқапов өзінің анасы жайлы диссертация қорғаған

Жақында желі арқылы білім жолындағы жағымды жаңалығын жеткізген Әли Оқапов тағы бір құпияның құлпын ашты. Магистратураны тәмәмдаған музыкант қорғаған диссертациясының тақырыбы ретінде Роза Рымбаеваның шығармашылық жолын таңдапты.

Магистр атанған Әли Оқапов өзінің анасы жайлы диссертация қорғаған

Бұл туралы НТК арнасының "Ревю" бағдарламасында айтылды.

Бүгінде 26 жасқа аяқ басқан Әли өмір жолында 12 сыныптық музыка мектебін тәмәмдап, 4 жылын өнер университеті қабырғасында өткізіп, соңғы 2 жылда магистратурада білім алды. Жуырда осы ғылыми дәрежені еншілеген Оқапов диссертация тақырыбын таңдауға келгенде көп толғанбапты.

Тағы оқыңыздар: Элиталы мектеп оқушыларының көбі түбінде нашақор болып шығатыны анықталды

«Менің тақырыбым жалпы Роза Рымбаева жайлы. Анам жайлы диссертация жаздым. Тек Роза Рымбаева жайлы емес, «Орындау шеберлігінің феномені» ретінде. Өйткені, мен былай ойландым, былай ойландым. Менен артық білетін адам жоқ шығар, бұл әлемде», - дейді Әли.

«Өнертану» мамандығы бойынша білім алған Әлидің бұл тақырыпты таңдауы да тегін емес. Өйткені, ғылым саласында Роза Қуанышқызы жайлы зерттеу жұмыстары некен-саяқ көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Ауғанстанда америкалық солдаттарды атып тастаған (фото)

«Менің анамның шығармашылығына 40 жыл болды. Бірақ, осы күнге дейін бірде-бір ғылыми жұмыс жазылмаған екен. Қазақстанда, ТМД елдері бойынша жалпы әлемде. Менің ойымша ол дұрыс емес сияқты. Өйткені, эстрада жанрындағы мен үшін ең бірінші орындаушы біздің елімізде — ол менің анам!», - деген Әли диссертация дайындау барысында анасы жайлы біраз мағлұматтан хабардар болғанын айтады.

Источник: http://ntk.kz/

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 40

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .