1521424 Журналист: Ондайлармен "жан-подружка" боп құшақтасып жүреміз ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Отандық шоу-бизнесте көгілдірлердің қаптап жүргенін айтқан Маржан Сұлтанбай желіні шулатты

Желіде белгілі тележүргізуші Маржан Сұлтанбайдың көптеген қыздардың тұрмысқа шыға алмай жүруінің себебі - қазақ жігіттерінің әлсіздігінен екенін айтқан жазбасы тарап кетті. Телевизия саласында біраз жыл қызмет еткен журналист отандық шоу-бизнесте көгілдірлердің қаптап жүргенін жайып салған деп хабарлайды NUR.KZ.

Отандық шоу-бизнесте көгілдірлердің қаптап жүргенін айтқан Маржан Сұлтанбай желіні шулатты

Маржан Сұлтанбай. Фото: Интернет желісінен.

"Неменеге жетістің бала батыр, натуралдар азайып бара жатыр..." - деп ескі әнді жаңаша нұсқада өңдеп айтуға да болады. Жасырын емес қой шоу-бизнесте қаптап жүргені ондайлардың. Телевизия саласында неге жалғызбасты қыздар көп деген сансыз сұрақтарға жауап та – осы!

Жар болар демейміз, ондайлармен "жан-подружка" боп құшақтасып жүреміз. Амал қанша?.. Оны қазір айт не, айтпа не – еркектің құшағынан бір рет жылу тапқан жігіт қайтып табиғи болмысына орала алмайды", - деген Маржан мұндай жолға түскен ерлердің кері қайтпайтынын да атап өткен.

"Осыдан бірнеше жыл бұрын парапсихолог Нора Бекмаханова айтқан еді: "С того мира не возвращаются!" - деп. Сондықтан, көгілдір әлемге кеткендер – кетті біржолата! Ол індеттен аман қалғандар өңкей – ішкіш, клуб жағалағыш, қыз таңдағыш... бұл тізімге көлік апатынан көз жұмғандарды қосыңыз.

Бүтіндей бір ұлттың қамын ойлап, қазақтың санының көбеюіне үлес қосайын деп жанталасып жүргендері шамалы жігіттердің. Сөйте тұра, бейшара қыздарға қырғидай тиеді, құдды бір еріккеннен жалғыз жүргендейміз біз", - деп жазады ол.

Журналист қазақ қоғамында тұрмыс құрмаған қыздарға көп сын айтылғанымен, бойдақ жігіттерге бұл сұрақтың қойылмайтынына өкпелі екенін жеткізді.

Тағы оқыңыздар: Әйелдерді ұнататын жарымен некесін сақтағысы келген ер адам жынысын ауыстырды (фото)

"Байға неге шықпайсың, байға неге шықпайсың?.." - деп туа алмай жүрген тауықтай қақылдай бергенше бойдақ жігіттерге неге айтпайсыңдар: "Үйлен!" - деп? Біздің қолымызда билік бар ма?.. Үндістанда, мәселен, қыздың әке-шешесі жігіттің үйіне барып "ұсыныс" айтады.

Бізде, қай мәселе болмасын, еркектердің – қолында! Ал, "еркек" деген атқа сай жұлынып-жұлқынып тұрған азаматымыз қане?

Бұдан бірнеше жыл бұрын: "Кім голубой?" - деп саусағымызды бүгіп санайтын болсақ, бүгінде: «Тааааак...кім голубой емес?" - деп есепті керісінше жүргізетін болдық", - деп жазған журналиcт Маржан Сұлтанбай.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 130

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .