Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЭКСПО-2017 көрмесіндегі жеті кереметті білесіз бе?

Опубликовано:

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі келушілерін ертеңнен бастап қарсы алады. Бүкіләлемдік көрме ТМД аумағында алғаш рет өтіп жатыр.Осы орайда, NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап көрме аумағында көруге болатын жеті керемет топтамасын ұсынады.

Нұр Әлем

"Нұр Әлем" павильоны — архитектура кереметінің бірі. "Астана ЭКСПО-2017" көрме нышаны, диаметрі 80 метрлік әлемдегі "толық сфера" формасындағы алғашқы ғимарат.

Фасад конструкциясы фотовальталық элементтерімен біріктірілген, күн энергиясын электрге айналдырады. Сфераның жоғарғы бөлігіне екі жел генераторы орналасқан.

Бірінші қабатта Қазақстан павильоны бар.

Сондай-ақ, сферада инновация қабы және ЭКСПО көрмесінен кейін маңызды мәдени орталық болатын болашақ Музейі бар.

Мекеменің жоғары бөлігінде шолушы алаңының таңғажайып көрінісін лифтімен көтеріліп бара жатып байқауға болады.

Тағы оқыңыздар: Ақтөбеде төрт ағайынды жетім балалардың мойнына банк миллиондаған қарыз іліп қойды (фото)

Ең үздік өндіріс аймағы 

Үздік өндіріс аймағы - бұл әлемнің 13 елінен келген 24 керемет. Екі қабатты павильонның аумағы 2,5 мың квадрат метр.

Дәл осы жерде күн қуатынан энергия алатын Solar Impulse ұшағын, биоотында жұмыс істейтін алғашқы көлік— Formula E, энергогенерлі жол бүркеу мен шпалдарды көруге болады.

ЭКСПО-музей

66 жылдық көрме тарихы ЭКСПО-музейіне жиналған. Ол — техникалық прогресстен бастау алған кереметтер мен саяхаттар.

1851 жылы Лондонда өткен Халықаралық көрме ЭКСПО-ның бастауы болған.

Көрме Гайд-саябағында өтті және оның басты жаңалығы - Хрусталь мен темір, әйнектен құралған сарай болды.

Тағы оқыңыздар: ЭКСПО-да "Аттан, қазақ" деп айқайлаған Амантай қажы шетелдіктерді шошытты (фото)

1889 жылы Парижде өткен көрме Францияға оның нышаны— Эйфель мұнарасын сыйлаған.

Цирк дю Солей

Танымал цирк ЭКСПО келушілеріне арнап  эксклюзивті — REFLEKT бағдарламасын жасады. Жұқа әрі құрастырмалы ғимарат арнайы осы шоу үшін!

Ватикан тосын сыйы

Астанадағы Экспо технологиялық салаға басым бағыт береді. Қатысушылар "таза" энергия аумағындағы жұмыстарын көрсетеді.

Осыған байланысты Ватикан павильоны шытырманға толы.

Тағы оқыңыздар: Астанаға лауазымды тұлғалар келген соң жолдар жабылып, кептеліс басталды (фото)

Әлем асханасы —бір территорияда

Барлық ел қатысушы болғандықтан, жалпы саны 115 ел келушілерге тек қана сувенирлер емес, сонымен қоса ұлттық тағамдарын да ұсынады. Сол себепті көрмеде әр елдің тағамдарынан дәм татуыңызға болады.

Ашылуға арналған ғаламат 

Көрме ашылуында масштабты шоу болады.

"Ашылу салтанатының бір-ақ рет болатыны өкінішті", —дейді келе алмағандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1518561-ekspo-2017-kormesindegi-zheti-keremetti-b/

pixel