Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттердің қыздарды не үшін жылатып кететіні белгілі болды

Опубликовано:

Ер азаматтарды ғашығымен айырылысуға не итермелейтіні белгілі болды. Жігіттер сүйіктісімен қарым-қатынасын үзудің басты себебін айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы NUR.KZ порталы deadbees.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1. Отбасымен ортақ тіл табыспасаңыз, қош айтыса беріңіз

"Менің сүйіктім әпкем мен туыстарымды ұнатпады. Оларды жек көрді деуге де болады. Бұл оның ең үлкен қателігі. Мен отбасымды сыйламайтын адаммен бірге бола алмаймын", - дейді 31 жастағы Тим.

2. Өміріне шағым айтқыштар ер азаматтарды үркітіп жібереді

"Бір күні ғашығыммен үшінші рет кездесуге бардым. Ол маған көзіне жас толтырып, отбасындағы қиындықтар туралы айта бастады. Оның маған сырын ашқаны жақсы, әрине. Алайда еңкілдеп жылағанында не істерімді білмей қалдым. Онымен төртінші рет кездескім келмейтінімді анық сезіндім", - дейді 33 жастағы Дрю.

3. Ер азаматтар да сізден алғыс күтеді

"Туған күнінде біз жағажайға демалуға бардық. Ол мен жалдаған қонақүйді де, тағамдар мен ауа райын да жақтырмады. Туған күнін жақсы өткізуге қанша тырыссам да, бір алғыс сөз естімедім. Ер азаматтар да өзін бағалағанды қалайды. Сүйіктіммен осы жағдай үшін айырылысып кеттім", - дейді 29 жастағы Омар.

Тағы оқыңыздар: Жүкті әйелге өз қанын құйып құтқарған дәрігер жұртты тәнті етті (фото)

4. Жігіттер сіздің қыр соңыңыздан қалмай жүгіруге намыстанады

"Мен оны ұнатқанда, оның да маған көңілі барын сездім. Дегенмен барлық шақыртуларыма жоқ деген жауап алғасын, көңілім қалды. Мен одан да жақсысына лайықпын деген тоқтамға келдім", - дейді 32 жастағы Рик.

5. Қызғаншақтық жақсылыққа апармайды

"Ол мені аңдып жүргендей әсер қалды. Facebook парақшамдағы әр фотомды ақтарып, ондағы әрбір бойжеткеннің кім екенін сұрап, тергей бастады. Кездескенімізге көп болмаса да, бірден сұрақтар жаудырғаны мені үркітіп жіберді", - дейді 29 жастағы Курт.

6. Жеңілтек болмаңыз

"Достарымның туған күнінде ол өзге жігіттерге қырындап, олармен билей бастады. Оның ішіп алып, өзін бұлай жеңілтек ұстағаны бірден көзқарасымды өзгертті", - дейді 34 жастағы Джозеф.

7. Шындықты сабырмен қабылдай біліңіз

Тағы да оқыңыз: Астанада ЭКСПО кезінде 200 мың теңгеге балмұздақ сататын адам табылмай жатыр

"Мен сүйіктіме жиі хабарламалар жіберіп тұратынмын. Алайда бір күні қызығушылығым сөніп, жіберуді доғардым. Сүйіктім менен себебін сұрағанда, шындықты айттым. Алайда бұл жауабыма ол жанжал шығарып, айтпағанды айтты. Мен қыздар шыншылдықты ұнатады деп ойлаған едім", - дейді 26 жастағы Эрик.

8. Жігіттердің кейбірі әйелжанды болады

"Шынымды айтсам, көңілім басқа қызға ауды. Ал екеуіне бірдей көңіл бөліп жүру оңай емес. Бойдақ жігіт бірнеше қызбен жүретіні әдеттегі жағдай", - дейді 28 жастағы Раф.

9. Фотоңызға лүпіл қоюды сұрамаңыз

"Менің сүйіктім бір фотосына лүпіл баспай қалсам, балаша ренжитін. Оның көңілі үшін өтінішін бірнеше рет орындадым. Алайда біраздан кейін бұл менің жүйкемді тоздыра бастады", - дейді 31 жастағы Джек.

10. Өзіңізді ер азаматтарша ұстамаңыз

"Мен өзімді еркек санайтынмын. Бір күні сүйіктімді барға алып бардым. Ол жерде бейтаныс жігіт мені абайсызда итеріп өтті. Бұны көрген ғашығым жанжал шығарып, әлгі жігітті менен кешірім сұрауға мәжбүрледі. Жігіт бұны әдейі істемегенін түсінгесін, мен үнсіз тұрған едім. Сүйіктіммен қарым-қатынасымыз оңайға соқпайтынын ұғып, ізімді суыттым", - дейді 28 жастағы Джон.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1517508-zhigitterdinh-suyiktisimen-nege-ayyry/

pixel