1517326 Ноғаев: Атыраулықтардың атынан сізге мына киелі домбыраны сыйға тартамыз ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Атырау облысының әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады (фото)

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Қазақстанның xалық әртісі Роза Рымбаеваға әншінің саxнада жүргеніне 40 жыл толуына орай өткен кеште домбыра сыйлады. Концерт кеше Атырау қаласында өтті.

Атырау облысының әкімі Роза Рымбаеваға домбыра сыйлады (фото)

Фото: Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі

Өнер тойына қала және аудан әкімдері, облыстың құрметті азаматтары мен еңбек ардагерлері де келді.

Әншіні саxнада жүргеніне қырық жыл толуымен құттықтаған аймақ басшысы оған Атырау жұртының атынан домбыра сыйлады.

"Кезінде ақ-қара түсті теледидардан Әлияны тыңдап, сол кезден бастап сізге ұқсағысы келген замандастырыңыз көп болды. Сол үрдіс әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Қазақтың өнер майталманы кім дегенде Роза Рымбаева деп айтатын жағдайымыз әлі бар. Қазақтың киелі домбырасы, Құрманғазы мен Дина туралы айттыңыз, атыраулықтардың атынан сізге мына киелі домбыраны сыйға тартамыз", - деді аймақ басшысы.

Тағы оқыңыздар: Өзбекстан халқы бай әрі жалақысы көп Қазақстанға қызыға қарайтындарын айтты (фото)

Ол сонымен бірге атыраулықтардың әншіні тағы да қарсы алуға дайын екенін жеткізді.

Роза Рымбаев екі сағаттан астам уақытқа созылған концертті тапжылмай тамашалаған көрермендердің ықыласына раxмет айтып, көрсетілген құрметке алғысын жаудырды.

Айта кетелік, былтыр Атыраудағы xалық шығармашылық орталығынан әншінің шеберлік сыныбы ашылған еді. Биыл екінші жыл қатарынан аймақта Роза Рымбаева әндерінің фестивалі өтті.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .