Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атақты Дәулет Тұрлыхановтың сымбатты ұлы туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Дәулет Тұрлыхановтың сымбатты ұлы Ерасыл Болат туралы бірқатар қызықты мәліметтерді NUR.KZ порталы назарларыңызға ұсынады.

Ерасыл Болат 1998 жылдың тоғызыншы қыркүйегінде Алматыда дүниеге келген.

Салмағы 81 келі Ерасыл дзюдодан бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерген. Жақында Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында дүбірлеп өткен «Алматы барысында» Ерасыл Болат біраз ағаларын ширек финалға дейін атып ұрып, жұртты сүйсіндірген болатын. Алайда жарақатына байланысты жарыстан шығып қалған ол атақты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін жасырып, ешкімге сұхбат да бермеді.

Ерасылдың әлеуметтік желідегі суреттерінен оның тек спортты емес, кішкентай балаларды да ерекше жақсы көретінін байқауға болады.

Тағы оқыңыздар: Головкин мен Альварестің жекпе-жегі қайда өтетіні белгілі болды

Жан-жануарға да жаны жақын азаматтың сүйікті иті де бар. Оның итін қыдыртып жүрген сәтінен көптеген фотоларды көре аласыз.

Тағы да оқыңыздар: ОҚО-да прокурор зорланған қыз туралы сұхбатынан кейін жұмысынан қуылды

Ерасыл отбасымен түскен суреттерді жүктеуді де ұмытпайды.

Спортшы бақыттың кілті еңбекте деп санайды. Ал нағыз сұлулық денсаулық екеніне сенімді.

Ал мына қымбат көлік Ерасылдың өзіне тиесілі сыңайлы.

Сымбатты спортшы жеке өміріне қатысты суреттерді желіге салмайтын болып шықты. Жас жігіттің жүрегін жаулаған бойжеткеннің бар-жоғы белгісіз күйде қалып тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1514422-ataqty-daulet-turlykhanovtynh-symbatt-3/

pixel