1514381 Мөлдір Мұқанова: Ол кезде Тұрсынбек 2 мың теңге үшін тойға шығатын ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Бүгінде өзінің мәнді әзілдерімен халықтың сүйіктісіне айналған Тұрсынбек Қабатовтың жары да көп балалы ана, бизнес ханым ретінде танымал. Әлеуметтік желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп, өнерге қатысты түрлі шаралардан қалмайтын келіншек танымал әзілкештің жары болудың қиындығы мен отбасылық өмірінің құпияларын айтып берді. Ол NUR.KZ порталына сұхбат берді.

- Мөлдір ханым, сізді ел бұған дейін Тұрсынбек Қабатовтың жары ретінде танитын. Қазіргі күні өзіңіздің жеке бизнесіңіз бар. Мөлдір Мұқанова деген есім де ашқан өнер мектебіңіздің арқасында танылып келеді. Негізі, өнер орталығын ашу, әу бастан бастап кімнің идеясы болды?

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото Мөлдірдің жеке мұрағатынан алынды

- Негізі идея менікі. Осы ойымызды жүзеге асырайық деп айтып жүргеніме де 3 жылдай болыпты. Тұрсынбек ойымды бірауыздан құптады. Тұрсекең шығармашылық адамы болғандықтан, оның бос уақыты бола бермейді. Ал өнер орталығының атын басында, "Тұрсынбек Қабатовтың өнер мектебі" деп атағымыз келген. Себебі, «еріккен әйел, ақша не істетпейді» деп сөгіп жатқандар да болды. Сондықтан  орталыққа «Мөлдір Мұқанованың» атын беру артық екенін түсіндім.

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото Мөлдірдің жеке мұрағатынан алынды

Бірақ ғимарат құрылысы мен мектептің ішкі бағдарламасына дейінгі барлық жұмысты қолға алып, оның басы-қасында күн-түн демей жүргендіктен, Тұрсынбек: "Орталық Мөлдірдің атында болады" деп кесіп айтты. Осылайша «ММ орталығы» деген шешімге келдік. Жалпы, әкемнің жолын қуып, экономист мамандығын бітірсем де, кішкентайымнан өнерге жақын болдым, домбыра тарттым. Университетте жүргенде де халық аспаптар ансамбілінің жетекшісі болдым.

Тағы оқыңыздар: Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен кетті

Өз мамандығым бойынша 9 жыл бойы Ұлттық банкте бас экономист болып қызмет етсем де, жаныма өнер жақын болғандықтан, өнер саласына бет бұрып, өнер адамына тұрмысқа шықтым. Ең бастысы, Тұрсекеңе менің жұмыс істеп, қызметте жүргенім ұнайды.

- Тұрсынбек мырза бір әзілінде сізді өзіне қарату үшін біраз жүгірдім деген еді. Бұл рас па? Жалпы, қалай таныстыңыздар?

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото Мөлдірдің жеке мұрағатынан алынды

Екеуміз де Астанаға 2000 жылы келдік. Бізді таныстырған - өнер. Мен домбырада, Тұрсынбек сахнада КВН ойнады. Содан досы арқылы «Осы қыз маған ұнайды» деп айтып жіберіпті. Негізі, біз бұған дейін де танысқан екенбіз. Бірақ менің есімде қалмапты. Ал Тұрсынбек бір көргеннен ғашық болып қалған болу керек. Содан бір күні «Конгресс холда» өткен концерттен кейін маған өзі келіп: «Есімің кім болады» деп танысты. Сөйтіп 8 айдай араласып жүрдік, 1,5 жылдай қыз-жігіт болып жүріп, кейін отау құрдық.

Бір рет автобуста кетіп бара жатып: «Жүрмей-ақ қояйық, осымен қояйық бәрін» деп айтып қалдым. Тұрсынбек жаңағы сөзімді көтере алмай, автобустан түсіп, жерге жата қалмасы бар ма? Содан «ойнап айттым» деп әрең көндіргенім бар. Тұрсынбек романтик адам. Тіпті жатақханадағы терезенің алдына келіп, үндінің әндерін айтып, бәрімізді бір күлдіртетін-ді. Солай өнерімен, қазақы мінезімен, кең, дархан көңілімен менің жүрегімді жаулап алды.

- Тұрсынбек мырзаның бойындағы қандай қасиеттерді ерекше бағалайсыз?

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото Instagram желісіндегі парақшадан алынды

- Өзім Торғай жерінен шыққандықтан болар, ең алдымен, қазақылығын ерекше құрметтеймін. Сосын Тұрсынбек ешқашан адамға кек сақтамайды. Ренжіген сәтін білдірмейді. Тіпті біреуге ауқымда сомада ақша берсе де, «сен маған қарызсың, қайтар» деп айтпайды. Яғни, адамның тек жақсылығын ғана көріп тұрады. Осы қасиеттерін қатты бағалаймын. Жалпы, мен Тұрсынбектен көп нәрсе үйрендім деп айтсам артық айтқаным емес.

- Ал отбасында түсініспеушілік орнап, бір-біріңізді ренжітіп алған жағдайларда бірінші болып сабырлық танытып, «ашуды ақылға» жеңдіретін кім?

- Әрине, отбасы болған соң, түрлі жағдайлар болып жатады ғой. Бәрі «керемет» деп айтудан аулақпын. Менің бір жаман қасиетім немесе еркелігім десе болар, ешқашан кешірім сұрап көрмеппін. Сондықтан, ондай жағдайларда Тұрсекең ашуды ақылға жеңдіре біледі.

Тағы оқыңыздар: Имиджін өзгертіп, "ВиаГРА" стилінде фотоға түскен Ерке Есмахан елді шулатты (фото)

- Көпшілік, сізді алдымен, Тұрсынбек Қабатовтың жары деп танитыны рас. Осы орайда, Қабатов елге танылмай тұрғанда оның жары болу қандай еді? Отбасылық өмірде жаныңыз жүдеп, қиналған сәттеріңіз болды ма?

90-жылдарды көргеннен шығар, қандай қиындық болса да бірге жеңуге тырыстық. Себебі, біз жоқтық дегеннің не екенін көріп өстік. Екеуміздің басымыздан да қантсыз шай ішкен күндер өтті. 2003 жылы үйленіп, жатақханада алдымен 12 шаршы метр, кейін 18 шаршы метр бөлмеде 5 жыл тұрдық. Сол бөлмеміз бізге хан сарайындай көрінетін. Бөлмемізде талай қонақ күттік. Тек 2008 жылы ғана пәтерлі болдық қой. Ең қиналған кездерім - баламен үйде отырған уақытым болған шығар. Тұрсынбек сол уақытта үш айға, Жеңістің 60 жылдығына орай пойызбен гастрольдік сапарға кеткен-ді.

Оның ақшасын тек 3 айдан кейін ғана беретін болды. Үйден ақша сұрауға намысым жібермейді. Сөйтіп, бір «роллтонды» үшке бөліп жеген күндерім де болды. Тойлардан Тұрсынбек ол кезде 2 мың теңге алып жүретін еді. Той жасауға 300 мың теңге несие алдық. Оны 5 жыл қайтардық. Қатты қиналған кезде талай рет неке сақинамызды ломбардқа өткізген де едік.  Оны қайта қайтара алмайтын да сәттер болды. Қайтадан басқа неке жүзігін сатып ала салатынбыз. Сол кезде тойып тамақ ішпей де жүретінмін. Сондықтан қыз-келіншектерге айтарым, барлық жағдайда шыдап, бәрін сабырмен, ақылмен шешуге тырысу керек.

- Гастрольдік сапарларға жиі шығып тұрады деп айтып өттіңіз.  Жарыңыз ел алдында жүргендіктен оны қызғанған кездеріңіз болған шығар?

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото Instagram желісіндегі парақшадан алынды

-  Қызғаныш деген әрине болды. Кез келген отбасында қызғаныш болуы керек деп санаймын. Керісінше, оның болмағаны жаман. «Мен баламен үйде отырған сәтте сенің сыртта не істеп жүргенің белгісіз» деп ренжіскен уақыттарымыз да болды. Алайда, оның бәрі артта қалды. Аллаға шүкір, отасқанымызға 15 жыл болды. Әркез бір-бірімізді түсініп, қандай мәселе болса да ақылға салып шешуге тырысамыз.

- «Дипломым, жоғары білімім болмаса да, Мөлдірді маған ұзатқан әкесіне, жақындарына таң қаламын» деп жолдасыңыз әзілдеген болатын. Осы ретте, Тұрсынбек мырзамен отбасын құру туралы шешіміңізді жақындарыңыз қалай қабылдады? Тұрсынбек мырза қандай күйеу бала? Сіздің туыстарыңызға күйеу бала ретінде бағалы сыйлық тарту етіп көрді ме?

- Анам ерте өмірден өткендіктен, әкеме шешім қабылдауға тура келді. Әкем қарсы болған жоқ. Ал бауырларымның басында «20 жасыңда тұрмыс құрып, қайда асығасың, тұрақты жұмыс, табыс жоқ, өнер адамдары қиын болады» дегені бар. Соны естіп қатты жылағаным есімде.

Бірақ бәріне: «Жоқ. Ол әлі жұлдыз болады. Бәрін мойындатады» деппін. Қазір ойласам, сол кезде құдай аузыма салып тұрған екен. Сөйтіп, жазғы демалыстардың бірінде Тұрсынбек Дос деген әншіні білетін боларсыздар, соның машинасымен келіп, менің келісіміммен алып қашты. Ол кезде араларында машинасы бар, жағдайы жақсы тек Дос қана болатын. Осылайша, шаңырақ көтердік. Ал Тұрсынбек қандай күйеу бала дегенге келер болсақ, туыстарым оны «Қабатов» болмай тұрғанда да жақсы көріп, қатты сыйлайтын.

Сыйға келер болсақ, намысты биік қоятынымнан болар, мен оған туыстарыма бағалы сыйлық тарту етуге рұқсат етпеймін. Тұрсекең қолы ашық адам. Ақша есептеп, қаражаттың қайда кететінін ешқашан сұраған емес. Үйде береке болуы үшін, үй шаруасына қажет ақша әйел адамда болуы керек деп ойлаймын.

-  Тұрсынбекке жары ретінде қалай қолдау көрсетесіз?

- Әкем айтатын, ер адамға таңертең ботқа емес, ерте тұрып сорпа бер деп. Еркектің тамағы тоқ болса, маңдайлары жарқырап, ойы жинақы, түзу жүреді дейтін. Яғни, ең алдымен, ер адамның қарны тоқ болу керек деп отыратын. Әкемнің сөзі мен үшін заң, сондықтан, Тұрсынбек біреудің қолынан тамақтанғанын қаламаймын. Мүмкіндігінше, тамағын өзім әзірлеуге тырысамын.

- Тұрсынбек Қабатов өзінің көп әзілдерінде әйел адамдарға қатысты көптеген мәселелерді жеткізеді. Мұның Сізге қандай да бір қатысы бар ма? Жалпы мұндай әзілдерді қалай қабылдайсыз? Ренжімейсіз бе?

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото әншінің жеке мұрағатынан алынды

- Барлық қазақ отбасыларындағы жағдай бірдей ғой. Басында Тұрсынбек концерттерінде осындай әзілдерді айтқанында, халықтың бәрі бірден маған қарайтын. Өзімді қоярға жер таппай қалатын да жағдайлар болатын. Қазір үйрендік. Басында, әрине, айтылған әзілдерді жүрегіме жақын қабылдаған кездер де болды. Ондайда концерт аяқталған соң Тұрсынбекке: «Олай қатты айтпасаң қалай болады? Ел мен туралы айтып жатыр деп ойлайды» деп айтқаным да бар. Ал «перзентханаға барар алдында, әйелдер бәрін алдын ала жазып кетеді» деген әзілі мен туралы айтылған десем артық айтпаймын. Мен де үйден шығарда бәрін қағазға жазып кетемін. Кейін ойласам, қазақ әйелдерінің бәрі сондай екен ғой.

- Енеңізбен қандай қарым-қатынастасыз?

- Менің Тұрсекеңнің ауылына келін болып түсуім де қызық болды. Қалтамызда 100 доллар болды. Батыс Қазақстандағы жолдардың жағдайы ол кездері өте нашар болған еді. Содан Тұрсынбек таксимен барсақ бүкіл ақшамыз кетеді, одан да автобуспен бара салайық деді. Жарайды дедім. Сөйтіп, автобусқа тиелген қап-қап пияз, картоппен бірге 7 сағат дегенде ауылына жеттік. Солай Оралға автобуспен келін болып түскен жайымыз бар.

Сол кезде жолда келе жатып Тұрсекеңе: «Анадан ерте айырылдым, енеме ене емес, анам ретінде қарайтын боламын» дедім. Сол сөзді құдай аузыма салған шығар. Содан бері енеммен ешқашан ренжіскен емеспін, керісінше жақын құрбылар сияқты араласамыз. Енем өте керемет, сабырлы адам.

- Cіздің ойыңызша «ақылды жар» қандай болуы керек?

Тұрсынбек Қабатовтың жары жатақханада роллтон жеп өткізген күндерін еске алды (фото)

Фото Instagram желісіндегі парақшадан алынды

- Ең алдымен, жарыңды құрметтеу, достарының, туыстарының алдында күйеуіңнің беделін түсірмеу деп ойлаймын. Ол қандай қызметте болса да, ең әуелі, ол сенің жұбайың, сондықтан әйел адам ер-азаматын сыйлай білу керек. Ақылды әйел ешқашан күйеуіне "сен ақша табуға міндеттісің, ақша тап" деп айтпайды.

Егер осы сөздерді айтып, күнде құлақ етін жеп отырса, онда оның қай жері ақылды? Ақылды әйел бәрін күйеуіне итеріп қоймай, өзі де бір жағына шығып, отбасына көмектесе біледі. Он екі мүшең түгел болса, неге істемеске? Кешкі уақытта еден жу да, ақша тауып кел. Онда тұрған ештеңе жоқ. Таза еңбекпен келген адал ақша ғой.

- Қазіргі таңда қоғамда «тоқал алу» мәселесі көптеп айтылып жүр. Осыған байланысты өз пікіріңізді білсек деп едік...

Өз басым, әрине, қарсымын. Қарсы емеспін деген әйелдерді шынымды айтсам, кездестірмеппін. Мүмкін 60-70-ке келгенде қарсы болмайтын шығармын. Тұрсекең бұл туралы маған айтқан емес. Ренжитінімді білетін шығар.

- Сұхбатымыздың соңында, тағы бір дәстүрлі сұрағымызды қойғымыз келіп отыр. Сіз үшін, «әйел бақыты», «бақытты әйел» ұғымы несімен құнды? Сіздің түсінігіңізде, «әйел бақыты» ұғымына не жатады?

Ең біріншіден, әйел бақыты дегеніміз әрине – оның отбасы. Жұмыс та, басқасы да көп. Ал, отбасы біреу. Әйел тек отбасымен ғана бақытты.

Әңгімеңізге рахмет!

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 53

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .