1513206 Қазақ қызы: Қазақта келіннің сөзі сөз емес ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Желідегі танымал келіншек келіндердің ит пен мысық құрлы сыйы жоқтығын айтты (фото)

Желіде "Супер мамасита" есімімен танымал, қызықты жазбаларымен он мыңдаған оқырманы бар үш баланың анасы Әлия Байтуғаева қазақ келіндерінің отбасындағы рөлін әзілмен жеткізді. Оның айтуынша, қазақта келін үйдегі ит пен мысықтан кейін үшінші орында тұрады.

Желідегі танымал келіншек келіндердің ит пен мысық құрлы сыйы жоқтығын айтты (фото)

Фото желідегі парақшадан алынды

Ол өзінің кезекті жазбасында қазақ отбасындағы түрлі жайттарды мысқылмен тізіп беріп, келіндердің де рөлі туралы өз ойын айтты.

"Егер бір үйдің кіші ұлы үйленсе, ол ата-анасымен бірге тұруға міндетті. Ал олай болса, сен күңге айналасың деген сөз. Қазақ келініне деген көзқарас та ерекше: ол Ақтөс пен мысық секілді үй жануарларынан кейін үшінші орында тұрады. Ал бұл дегеніңіз, сенің пікірің ешкімге қажет емес деген сөз ("алып кел, барып кел, шауып кел, аяққа оратылмай кетші әрі").

Тағы оқыңыздар: Жұлдыз Өмірғалидің оқушы кезіндегі суретті желіде қызу талқыға түсті (фото)

Күйеуінің отбасы сені сыйласын десең, кем дегенде үш бала туып, он жыл сол үйдің отымен кіріп, күлімен шығуың керек. Сонда ғана, бәлкім сенің сөзіңнің салмағы болып қалуы мүмкін", - деп әзілдеді ол.

Желі қолданушылары болса, оның сөзімен толықтай келісетінін айтып, өз ойларын да ортаға салған.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 103

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .