Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы Шоқан Уәлихановтың суретінде кеткен өрескел қате жұртты дүрліктірді (фото)

Опубликовано:

Астаналықтарды автобус аялдамасындағы баннерлердің бірі күйіндірді. Ондағы мәліметтерге сәйкес, Шоқан Уәлиханов 130 жыл өмір сүріпті деп хабарлайды NUR.KZ.

Астаналықтар мен шетелдіктерге Қазақстанның тарихи тұлғалары туралы ақпарат бермек болғандар қала бойынша қазақ ақындары, ғалымдары мен жазушылары туралы плакаттар ілген. 

Танымал тұлғалардың суретінің астында олардың өмір сүрген жылдары да жазылыпты. Бірден үш тілде жазылған бұл плакаттарда өрескел қателер кеткен.

Мәселен, ЭКСПО алаңына жақын маңда ілінген плакатта, Шоқан Уәлихановты 130 жыл өмір сүргізіп қойыпты (1835 -1965).

Тағы да оқыңыздар: Елбасы: Жергілікті полиция жұмысына халық тарапынан сын айтылуда

«Бір ғасырдан астам өмір сүріп, Дантеспен дуэльде қаза болған», «Ол Екінші дүниежүзілік соғысқа да қатысып үлгеріпті ғой», - деп бұл жайтты әзілге айналдырды тұрғындар.

«Жылды қоя берші, ағылшынша аудармасы ақсап тұр. Тіпті «folklore» деп жазып қойыпты. Нендей фольклор? Фольклор-адам ба?», - дейді almat_kuan есімімен тіркелген желі қолдануышысы.

Бұл жіберілген жалғыз қателік емес. Тағы бір астаналық аялдамада танымал орыс жазушысы «АлексЕндр Пушкиннің» туындыларын оқуды ұсынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1512382-astanadaghy-shoqan-ualikhanovtynh-suret/

pixel