Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайырымдылық үшін байлығын аямайтын атақты 7 миллиардер

Опубликовано:

Forbes тізіміндегі дәулеттілерді біріктіретін ортақ нәрсе банк есепшоттарындағы цифрлар ғана емес, қайырымдылыққа деген көзқарастары. Олар ұзақ жылдар бойы жинаған қаржысының тең жартысын өзгелердің мұқтажы үшін жұмсауға дайын. Назарларыңызға islam.kz қайырымдылық жасауды мақсат еткен 7 миллиардердің тізімін ұсынады.

Microsoft-тің негізін қалаушы Билл Гейтс

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс — Forbes нұсқасы бойынша планетаның ең бай адамы және әлемдегі ең жомарт кәсіпкері. Оның байлығы 77 млрд доллар деп бағаланады. Билл мен оның жұбайы Мелинда Гейтстің қоры денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау білдіріп, кедей елдердегі туберкулез, безгек және СПИД-пен күресу үшін вакцина құрастыруға қыруар қаржы салады.

Сондай-ақ Билл Гейтс «Сый тарту антының» негізгі идеологтарының бірі. «Сый тарту анты» — әлемдегі барлық кәсіпкерлердің ресми емес ұйымы, олардың барлығы дәулетінің жартысын қайырымдылық мақсатына беруге міндеттелген.

Tesla және SpaceX-тің басшысы Илон Маск

Илон Маск өз қаржысы жасанды интеллект құрастырумен айналысатын ғалымдарға береді. 14 млрд долларымен Forbes рейтингінде 68-орынды иеленетін кәсіпкер 2015 жылы жасанды интеллект қауіпсіздігін зерттеу жұмысына 10 млн доллар инвестиция салды. Масктың ойынша, мұндай интеллектті дүниеге әкелу адамзат үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан ол қаржысын жасанды интеллекттен туындайтын қауіптерді зерттейтін ұйымға беруді шешкен.

Alibaba негізін қалаушы Джек Ма

Alibaba компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма 2015 жылы Қытайдың ең жомарт меценаты деп танылды. Сол жылы ол 23 млрд доллар байлығының 2,3 млрд долларын қайырымдылыққа жұмсаған. 2014 жылдан бері Ма Қытайдың экологиялық проблемаларын шешумен айналысатын қайырымдылық қорын басқарады, басқа кәсіпкерлерді қайырымдылық жасауға оқытады. Сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру саласына да қолдау көрсетеді.

Google-дің негізін қалаушы Сергей Брин және бұрынғы жұбайы Энн Войжицки

Технологиялық кәсіпкер Сергей Брин басқаратын Google компаниясы әлемдегі ең ірі қайырымдылық жобаларына көмектесетін ұйымның бірі. 2033 жылға дейін корпорация қайырымдылық шараларына 20 млрд доллар жұмсамақ және олардың барлығын компания өзі тікелей жүзеге асырады. Қазір Google Үндістанда тегін Wi-Fi желілерін құрумен айналысып жатыр.

Ал өзінің бұрынғы жұбайы Энн Войжицкимен бірге Brin Wojcicki Foundation атты қайырымдылық қорын құрып, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік жобаларды дамытуға қаржы жұмсайды. Айырылысқаннан кейін де бұрынғы ерлі-зайыптылар қор қаржысын жұмсау туралы бірге шешім қабылдап, бірге жұмыс істеуді жалғастыра берді.

Zara-ның негізін қалаушы Амансио Ортега

Әлемдегі ең танымал брендтердің бірі Zara-ны дүниеге әкелген испандық кәсіпкердің дәулеті 70,9 млрд доллар деп бағаланып отыр. Forbes нұсқасы бойынша ең бай адамдардың тізімінде екінші орында тұр. Оның Amancio Ortega атты қоры түрлі зерттеулерге, білім және ғылым дамуына қаржы салады. 2013 жылы қор испандық Caritas қайырымдылық ұйымына 20 млн еуро бөлді. Қаржының барлығы әлеуметтік әлсіз топтарға көмекке, олардың коммуналдық қызметтерін төлеп, киім-кешек, азық-түлік және дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсалды.

Сондай-ақ Ортега мүгедек балаларға да тұрақты түрде жәрдем жіберіп отырады. Әріптестерінің сөзінше, ол қызметкерлеріне де қаржылық жағынан көмектесіп тұрады.

Berkshire Hathaway империясының басшысы Уоррен Баффет

Forbes тізіміндегі тағы бір миллиардер — америкалық кәсіпкер Уоррен Баффет. Оның иелегіндегі қаржысы — 66 млрд доллар. 2006 жылы Баффет байлығының 99%-ын қайырымдылық шараларына жұмсайтындығын жариялады. Сол жылы ол АҚШ тарихындағы ең ірі қайырымдылық шарасын жүзеге асырды. Кедей елдердегі СПИД, безгек және туберкулезбен күресетін Билл және Мелинда Гейтс қорына 37 млрд доллар бөлді.

Сол уақыттан бері тұрақты түрде қаржы құйып келеді. Әр жылдың бірінші маусымында мұқтаж жандарға жәрдем жібереді. 2015 жылы Билл мен Мелинда Гейтс қорына тағы 2,8 млрд доллар аударды.

Тағы оқыңыздар: Головкин әлемнің үздік боксшыларының көшін бастады

Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Майкл Блумберг

Саясаткер және кәсіпкер Майкл Блумбергтің дәулеті 43 млрд доллар деп бағаланады. Миллиардер 1990 жылдан бері түрлі қайырымдылық шараларына белсенді түрде араласып келеді. 1996-2002 жылдар аралығында Джон Хопкинс атындағы университеттің басқарма төрағасы болғанда, коммерциялық емес Денсаулық сақтау мектебін құрды. Жыл сайын ұйымға орта есеппен 200 млн доллар бөліп отырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1511056-qayyrymdylyq-ushin-baylyghyn-ayamaytyn/

pixel