Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің қай қаласы ұрлық жасаудан көш бастап тұр?

Опубликовано:

NUR.KZ порталы елде орын алған қылмыстардың статистикасын білу мақсатында Бас прокуратураға арнайы сауалнама жіберген болатын. Осы орайда 2016 жылы еліміз бойынша құқық қорғау органдарына тіркелген қылмыстардың саны белгілі болды.

Республика бойынша өткен жылы 361 689 құқық бұзушылық орын алған. Соның ішінде 215 572 яғни 60%-ы ұрлық екен.

Баукеспелер бір жылдың ішінде 285 351 адамды тонаған, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 3 % жоғары. Шенділер ұрлық санының еліміздің барлық өңірінде өскенін айтып отыр.

Ең бірінші орында - ұялы телефон ұрлығы. 2016 жылы 44 323 қымбат байланыс құралы қолды болған.

Екінші орында - пәтер ұрлығы 14,6 пайызға өскен. 2016 жылы 44 367 үй тоналыпты.

Үшінші орында – ақшасынан айрылғандар. 2016 жылы 38 287 азамат қаражатын ұрлатып алған.

Төртінші орын – теле-видео түсіру құрылғылары - 28 039 бейне бақылау ұрылардың қолында кетті.

Тағы да оқыңыздар: Тегін такси қызметін ұсынған Қызылорда мешітіне халық алғысын жаудыруда (фото)

Елімізде ұрылар жайлаған қалалардың көшін Алматы қаласы бастап тұр. 4 айдың ішінде шахарда 15 405 адам барынан айрылып, полицияға арыз жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1510011-eldegi-urylar-bir-zhylda-qansha-adamdy-z/

pixel