1509383 Желі қолданушысы Баян Мақсатқызының жұмысын масқара деп атаған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Жаңа клип түсірген КешYou ресейлік блогердің жарнамасын көшірген болып шықты

Елге танымал KeshYou тобының "Неге" атты су жаңа бейнебаяны көрермендерге жақпай қалды. Желі қолданушылары топтың жаңа туындысын арзан жарнамаға теңеп, оның көшірме екенін жазып жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жаңа клип түсірген КешYou ресейлік блогердің жарнамасын көшірген болып шықты

Фото: Gakku арнасынан скриншот

Олардың көпшілігі бейнебаянды ресейлік видеоблогер Саша Спилбергтің жұмысына ұқсатқан.

"Шынында да, Саша Спилбергті көшіргені несі?! Бұл жерде кірпік бояуының не керегі бар? Мистер Х, Миссис Хиппи не үшін? Мұндай жарнамасыз-ақ жақсы бейнебаян түсіруге болады ғой. Қыздардың кірпігі жасанды екені былай да түсінікті. Жалпы, клип мүлде ұнамады! Біреуді сынама дейтін шығарсыздар, бірақ шындығы сол!", - деп жазады пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы оқыңыздар: Қырғыздардың бас мүфтиі католик шіркеуінде азан шақырды (видео)

Жаңа клип түсірген КешYou ресейлік блогердің жарнамасын көшірген болып шықты

Ал енді бірі Баян Есентаева секілді кәсіби маманнан дәл осындай туындыны күтпегенін айтады. Ол көшірме бейнебаян түсірген продюсердің әрекетін масқара деп атады.

"Мұның Саша Спилбергтің толық көшірмесі екені көрініп тұр! Саша - блогер, ол жарнамамен күн көреді, ал Баян кәсіби маман ғой (өзі айтпақшы). Жарайды, жарнамасы былай тұрсын, бірақ бәрін көшіріп несі бар? Өздерінің бейнебаянын ойластыра алмағаны ма? Сөзім жоқ... Қазақстандық шоу-бизнес бұлай жүрсе дамымайды. Масқара...", - деп сынап тастады жаңа бейнебаянды желі қолданушысы.

Источник: Nur.kz
В статье: Клип Кеш You

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 7

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .