1508578 ҰҚК мен ІІМ бірлесіп арнайы операция жүргізген ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Алматыда полиция полковнигі мен қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды (фото)

ҰҚК мен ІІМ бірлесіп арнайы операция жүргізіп нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері мен белсенді мүшелері және полиция полковнигі ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Алматыда полиция полковнигі мен қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды (фото)

Фото knb.kz

"29 мамырдан 30-на қараған түні Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп кәсіпкерлерден ақша бопсалау, ҚР мен ҚХР мемлекеттік шекарасы арқылы контрабанда каналдарын ұйымдастыру және адам ұрлау, тапсырыспен адам өлтіруді қоса алғанда, басқа да қылмыстармен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу үшін арнайы операция жүргізді", - деп мәлімдеді ҰҚК баспасөз қызметінен.

Алматыда полиция полковнигі мен қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды (фото)

Фото knb.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қылмыстық топтың жетекшілері мен белсенді мүшелері ұсталды, олардан едәуір көлемде атыс қаруы мен оқ-дәрілер алынды. Сонымен қатар, көрсетілген ҰҚҚ жетекшілерімен байланысы бар Алматы қаласы ІІД Әуезов АІІБ-ның бұрынғы бастығы полиция полковнигі Б.Қасабеков ұсталды.

Алматыда полиция полковнигі мен қылмыстық топтың жетекшілері ұсталды (фото)

Фото knb.kz

Тағы оқыңыздар:

Өскеменге ең жас әкім тағайындалды (фото)

Тергеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 19

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .