1506630 Шоқан Маратұлы: Шоу бизнес отбасыма кері әсерін тигізеді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Атақты миллиардердің қызын алған отандық әнші сахнамен біржолата қоштасты (видео)

Жуырда ғана Алматының қақ төрінде дүркіретіп той жасап, еліміздегі әйгілі миллиардер Райымбек Батталовтың қызын алған Шоқан Маратұлы сахнаны тастайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, шоу бизнес отбасының беріктігіне кері әсерін тигізбек деп хабарлайды Time.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Атақты миллиардердің қызын алған отандық әнші сахнамен біржолата қоштасты (видео)

Фото: Pandaland.kz

"Ал давай" тобының әншісі Шоқанның сәні мен салтанаты жарасқан тойы жылдың үздік үйлену тойы деп аталып кетті. Себебі Бауыржан Байбек, Нұрлан Смағұлов пен Болат Әбілов сынды тұлғалардан бастап ресейлік жұлдыздар Валерий Меладзе, Севара Назархандар келіп, ән айтып кетті.

Қайрат Нұртас, Ділназ Ахмадиева, Айқын, Луина секілді отандық шоу бизнес өкілдері де оның қуанышына ортақтасты. Тойға келген қонақ саны да аз болмады. Шоқанның айтуынша, жиналған 500 адамның ішінде Швейцария, Испания, Түркия, Әзербайжан, Ресей және осы секілді өзге де мемлекеттерден келген мәртебелі қонақтар көп болған.

Үйленгеніне бір апта ғана болған әнші өміріндегі бұл айтулы оқиғаны отбасы әлі де тойлап жатқанын айтты.

Жуырда жас жұбайлар бал айын өткізу үшін шетелге аттанбақ. Алдымен олар Түркияға барып демалып, кейіннен Чехиядағы Карловы Вары қаласына барып саяхатын жалғастырмақ.

Сонымен бірге, сахнадан жиырма жылға жуық уақыт бойы түспеген әнші шоу бизнестен біржолата кететінін мәлімдеді.

"Шоу бизнес отбасының берік болуына септігін тигізбейді. Сондықтан ресми түрде сахнамен қош айтысатынымды мәлімдеймін. Түнгі клубыммен де айналыспаймын. Мұндай қызмет отбасылық өмірге жақсы әсер етпейді. Салмақтырақ іспен айналысатын боламын", - деді ол.

Материалды көшіріп-басу үшін "Время" газетіне сілтеме беру міндетті.

It was a happy day! Thanks to all who supported us on this day! #свадьбашоканаианель

Публикация от Солист группы Ал Давай!!! (@shokan_maratuly)

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Науқас баласынан айырылған ана оның еміне жиналған ақшаға пансионат ашпақшы

Таиландқа демалуға барған алматылық бойжеткен қауіпті вирус жұқтырып келді (фото)

Танымал шоуменнің жары отбасылық өмір мен бизнесті қалай алып жүрудің сырын айтты (фото)

АҚШ-та ер адам оқ жаудырып, балалар мен әйелдерді қырып салды (фото)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 95

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .