1506402 Әнші: Мені кіммен салыстырмады? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді (фото)

Қайрат Нұртас өзін өзге отандық әншілермен, әріптестерімен, Димашпен салыстыратын жандарға реншіні білдіріп, пікірін білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас өзін Димашпен салыстыратындарға жауап берді (фото)

Скриншот Zhuldyz.tv арнасынан алынды

"Қазір сұмдық болып кетті ғой. Өз өзіне пиар жасау үшін телеарналар айтпаған сөзді айтты деп, әдемілеп монтаждап жасап алады. Сондықтан қазір сөйлеуге де қорқатын болдық. Мен қазір ешкімге интервью бермеймін. Оны бермегеніме 3-4 жыл болды. Бере алмаймын деймін де, сытылып кетемін", - деді ол.

Сонымен бірге ол әншілердің өзара салыстырып қоятындарға да жауап берді.

"Жарайды мені салыстырсын шетелдің әншілерімен. Бірақ қазақпен қазақты салыстырып, араларына от салып, халыққа масқара қылып, ашты сөйлейді. Солар мені күйдіріп барады. Одан менің ештеңем кетпейді. Оны айтқан адам өзіне-өзі күнә артып алады. Мені кіммен салыстырмады? Мейрамбек ағамен, Ернар Айдар, Төреғалимен де салыстырды. "Ой сен қалып кеттің, болды", - деді.

Кеше Димаш бауырымызбен салыстырып жатыр. Әр қазақ шыға берсін. Оған қуанамын. Ал енді олар келеді де, бір-бірімізбен қарсы адам секілді көрсетіп қояды. Біз бәріміз өнерде бірге жүрген адамдармыз. Димаш - менің інім.

Бір-бірімізді жақсы көріп, "аға аға" деп жүреді. Қаншама үлкен сахналарда болдық. Төреш, Ернармен бірге жүрміз. Мейрамбек ағаны да қалай жақсы көремін. Одан қаншама нәрсе үйрендік. Қаншама әдемі мінездерін үлгі еттім. Болмайды ғой олай", - деп ренжіді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Науқас баласынан айырылған ана оның еміне жиналған ақшаға пансионат ашпақшы

Таиландқа демалуға барған алматылық бойжеткен қауіпті вирус жұқтырып келді (фото)

Танымал шоуменнің жары отбасылық өмір мен бизнесті қалай алып жүрудің сырын айтты (фото)

АҚШ-та ер адам оқ жаудырып, балалар мен әйелдерді қырып салды (фото)

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 124

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .