Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның ең танымал актері «Шехризат» үшін өзінің бұрынғы жұбайымен ажырасқан

Опубликовано:

Бергюзар Гёкче Корель Эргенч – түркияның кино және телевидение саласындағы танымал актрисасы. Ол 1982 жылы 2 қыркүйекте Стамбул қаласында дүниеге келген.

Оның ата-анасы да кино жұлдыздары: әкесі – Хюльи Дарджан, анасы – Танжу Кореля. Актрисаның балалық шағы Уласа қаласында өтеді. Мектеп жасында ол волейболмен кәсіби түрде айналысқан.

Бергюзар Корель колледжді тәмәмдаған соң Синан архитектуралық университетінің театр бөліміне оқуға түседі. Университетте оқып жүріп актриса қысқа метражды фильмдерге түсіп, театралды қойылымдарда да бағын сынап көрген.

Актриса Бергюзар Корель ең алғаш рет «Үзілген ғұмыр» сериалына түседі. Ал, 2005 жылы «Көкжалдар мекені: Ирак» фильмінде Лейла рөлін сомдайды. Бұл фильм актрисаға қиын тигеніне қарамастан кинопрокатта рекордтық көрсеткіш иеленген.

Бергюзар фильмде араб қызының рөлін сомдайды, араб тілін білмесе де актриса басты кейіпкердің рөлін жоғары деңгейде алып шығады.

«Көкжалдар мекені: Ирак» фильмінен кейін «Зәйтүн бұтағы» сериалында Иклим рөліне бекітіледі.

Ккейін Бергюзар көпшілікке өзін «Шехризат» атымен танытқан «Мың бір түн» сериалына түседі және Шехризат Евлияоглу рөлі үшін «Алтын көбелек» премиясына ие болады.

Осы «Мың бір түн» сериялы арқылы 2006 жылы Халит Эргенчпен танысады («Мың бір түн» – Онур рөлін сомдаған). Фильмнен кейін олардың бір-біріне деген сезімдері оянып, Халит Эргенч өзінің бұрынғы жұбайымен ажырасып, 2009 жылы 7 тамызда Бергюзар Корельге үйленеді.

Үйленгеннен кейін Бергюзар Корель – Бергюзар Корель Эргенч деп жұбайының тегін алады. 2010 жылы олардың Али есімді ұлдары дүниеге келді.

Сонымен қатар, актриса «Шырқалмаған әуен» (Ферае), «Қара дайы(аға)» (Фериде Шадоглу), «Ғажайып ғасыр» (Моника Гритти), «Менің Отаным сенсің» (Азизе) фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Әлемдегі ең сымбатты сегіз үнді актері

Қытайда екі ит ресми түрде үйленді (фото)

Асығыс салынған 28 млн теңгелік аллея бес айдан соң жарамай қалды 

Шексіз бай олигархтың әйелі 70 караттық гауһар жүзігімен мақтанды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1501655-turkiyanynh-enh-tanymal-akteri-shekhriza/

pixel