Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жезөкше қыз ақша үшін 71 жастағы көңілдесін балталап тастады (фото)

Опубликовано:

Жезөкше  қыз 71 жастағы көңілдесін ақша үшін балталап өлтірген деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

32 жастағы Диана Нили Дерек Тейлорды балтамен бірнеше рет ұрып, артынан 45 мың долларын алып кеткен.

Кейіннен ер адамды таныстары іздемес үшін оның Facebook парақшасын өзі жүргізіп жүреді.

Тейлор бірнеше жерден ауыр бас жарақатын алған, бірақ бойжеткен онымен ісін доғармаған. Ол  қарттың басына қара пакет кигізіп, ұзын кабельмен ауа жетпес үшін орап тастайды.

Жәбірленушінің денесін полиция жарты ай өткеннен кейін тауып алған.

Диана мен Тейлор алғаш танысқанда ол қызға үйіне көшуге ұсыныс жасаған. Диана героинге тәуелді болғандықтан, жалғызбасты жан оған көмек қолын созады. Онымен бірге тұрып жатқан қыз ем алуын күн сайын кейінге қалдырған.

"Қыздың бір тиыны да болмаған, ол болса жезөкшелер қызметіне жүгінетін жалғызбасты қарт еді", - дейді Тейлордың досы.

Ақшасының жартысын Диана анаша мен көңіл көтеруге жұмсаған. Тейлордың атынан достарына екеуінің саяхатқа кеткендерін айтып, хабарлама жазып отырған.

Өлтірер күні:"Бірнеше күнге Жаңа жылды қарсы алып, демалып келуге кетіп барамын", - деп жазып қойған.

Бойжеткен бүгінде жазасын өтеп жатыр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қытайда екі ит ресми түрде үйленді (фото)

Бішкекте бес жасар бүлдіршін қарақшы әкесін милицияға ұстап берді

Шексіз бай олигархтың әйелі 70 караттық гауһар жүзігімен мақтанды (фото)

Көкшетауда асығыс салынған 28 млн теңгелік аллея бес айдан соң жарамай қалды 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1501638-zhezokshe-qyz-aqsha-ushin-71-zhastaghy-konhilde/

pixel