1495945 Журналист: Мұндай арзан тәсілдің барлығы - арсыздық ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Асхат Садырбай кинодағы қазақ жастарының сүйісуін "жиіркенішті" іске теңеді

Белгілі отандық журналист Асхат Садырбай қазақ киносындағы ашық-шашық кадрларды сынға алып, мұндай сахналардың саны күннен-күнге артып келе жатқанына қынжылды.

Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында айтты.

Асхат Садырбай кинодағы қазақ жастарының сүйісуін "жиіркенішті" іске теңеді

Фото журналистің Instagram желісінен алынды

"Біз қазақпыз, қазақстандықпыз, біздің менталитет басқа ұлттарға, мемлекеттерге қарағанда өзгеше, ерекше. Небір зұлмат замандарды бастан өткерсек те ана тіліміз, ата салтымыз, дәстүрлеріміз бен ырым-тыйымдарымыз сақталып қалды, Аллаға шүкір.

Сондай қиын уақыттарда сыр бермеген, осы күнге жеткен дәстүрлеріміз бен қазақилығымыздың бейбіт күнде жоғалып бара жатқаны жүрегімді ауыртады", - деп жазды ол.

"Менталитетіміздің санасын бұрмалап жатқан да өзгелер емес өзіміздің қазақтар. Өз қолымыз өз аузымыға жетіп неше түрлі телеxикаялар түсіре бастадық. Бастапқыда режиссёрлер фильмдердегі екі қазақтың ашық сүйісуі, жартылай жалаңаш саxналары сынды сорақы сәттерге келгенде аяқ тартатын. Байқаймын қазір керісінше, осындай сәттер үшін жата ғап жарысу басталып кеткендей. Әсіресе қазақтың киносында екі қаракөздің жабысып сүйісіп тұрғаны сондай ерсі әрі жиіркенішті.

Дұрыс түсініңіз, өмірде бәріміз де сүйісеміз, ол бірақ өмірде, көптің көзінше емес оңашада. Тәрбиеміз сондай, стереотип емес менталитетіміз сондай", - деп жазған ол көрерменге махаббатты көрсетудің түрлі деңгейлері бар екенін айтты.

"Бір-біріне жабыстырып қою өнердің шыңы емес. Мен оны өнер деп есептемеймін. Өнер адамды таңғалдырып, таңдай қаққызғанда ғана өнер. Мұндай арзан тәсілдің барлығы арсыздық, ойдың таяздығы, қиылдың жоқтығы", - деген ол мұндай кадрларды мүлдем қолданбай, ұлттық менталитетке сай әлемдік туындылар ұсынып отырған Болливудты мысалға келтірді.

"Мен Болливуд болайық демеймін, адаспайықшы деймін. Дамиық, өркендейік, бірақ кімбіз, қайдан келдік, қайда бара жатырмыз, ойланайықшы, естен шығармайықшы. Өтініш. Сүйісусіз-ақ елдің есінде қалған жақсы кинолар болған, бар", - деді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды

Түгелдей бір отбасы мінген ұшақ Бермуд үштағаны маңында ізім-қайым жоғалып кетті

Су тасқынынан үйі қирап қалған ақтөбелік тұрғын үш баласымен қаңғыбастың күйін кешіп жүр (фото)

Бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен қыз Алматыдағы көлік жуу орталығында жұмыс істеп жүрген (фото)

Источник: Nur.kz
В статье: Журналисты Сми

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 19

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .