1493741 Қаражат Қытайдағы балалар қорының есепшотына аударылған ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны өзіне қайтарып берді

«Мен әншімін» байқауында Димаштың алғашқы әнді орындағанда киген киімінің қайырымдылық аукционында 7 миллионға сатылғаны белгілі. Алайда, сахналық костюмді сатып алған адам ертеңіне оны жас әншінің өзіне қайтып әкеліп берген. Бұл туралы «Тілшіге» Димаштың анасы Светлана Айтбаева мәлімдеді.

Димаштың костюмін аукционда 7 миллионға сатып алған адам оны өзіне қайтарып берді

Димаш Құдайберген байқаудың бірінші кезеңінде. Фото: instagram

«Ол кісі аты-жөнін айтуды қаламады. Тек, 7 миллион теңгені банктің есепшотына аударғанын растайтын түбіртекті көрсетті. Сонымен бірге, сатып алған костюмін «мұны тек Димаштың өзі кию керек» деп тастап кетті», — дейді Светлана Айтбаева.

Осыған дейін ақпарат құралдары хабарлағандай, «Мен әншімін» байқауының алғашқы күнінде киген костюм қайырымдылық аукционында 158 890 юаньға (7,2 млн теңге) сатылған болатын.

Танымал жас әншінің киімі mpaimai.jd.com сайты арқылы аукционға қойылған еді. Саудаға 19 640 адам қатысты. Киімнің алғашқы бағасы 188 юань (8500 теңге) болды.

Костюмді сатудан түскен қаржы Қытайдағы балалар қорының есепшотына аударылды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Қонаевтан бата алған балуанға шәкірттері дүркіретіп той жасады

2000 теңгелік бутерброд: Алматы әуежайы неге қымбат бағалар қояды?

Ақтөбеде подъезден табылған нәрестенің жүрегінде ақау болып, шетінеп кетті

Астанада жолаушыларға лық толы "резеңке автобус" жұрттың ашуын келтірді

Источник: tilshi.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 10

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .