1483022 Ол топты өзгелермен салыстыруға келмейтінін жеткізді ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Баян Есентаева "Кешью"-ді мақтаған тыңдарманды сөгіп тастады (видео)

Баян Есентаева "Кешью" тобының өзге қыздардан құралған топтарға қарағанда шоқтығы биік екенін және оны өзге топтармен салыстырмауды сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы продюсер "Гакку ТВ" арнасында айтты.

Баян Есентаева "Кешью"-ді мақтаған тыңдарманды сөгіп тастады (видео)

"Кешью" тобы. Фото: Gakku

Желідегі оқырмандардың бірі "Кешью"-дің жаңа клипіне қатысты:

"Клиптің нашар шыққанын және топ құрамы да онша емес дейтіндерді түсінбеймін. Мен оларды құбылыс ретінде қабылдадым. Клип Ninety One мен Ayumi тобынан асып түсті", - деп пікір қалдырған.

Алайда Баян Мақсатқызы өзінің тобын мақтаса да, өзгелермен салыстырған тыңдарманға ашуланып кетті.

"О құдай, неліктен салыстырғанды жақсы көреміз? Неге салыстыра береміз, түсінбеймін. Ninety One, Ayumi, "Кешью" деп салыстыру мүмкін емес. Бұл мүлдем әр түрлі адамдар, олардың санасы әр түрлі, дарын деңгейі де түрліше. Тіпті продюсерлері де бір адам емес. "Озып кетті, қалып қалды", - деген әңгіме не үшін қажет?!

"Кешью" қыздар арасындағы топтар қатарында үнемі бірінші болып келді. Сондықтан өзіміздің тұғырымызды ешкімге бермейміз. Әрине, Баян Мақсатқызы аз уақыт "жаралы" болды, бірақ біз бәрін басып озамыз", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыдан аз уақыт бұрын "Кешью" тобының қыздары жаңа клип түсіріп, онда олар өздерін рэп жанрында да сынап көрген еді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматы тұрғындарын 2 балдық жер сілкінісі шошытты

Алтын унитаз ғана жетпей тұр: Астаналықтар әуежайдың жаңа VIP терминалын сынға алды (фото)

Орынға таласқан шымкенттік жүргізушілер халықтың алдында "концерт" қойды (видео

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 48

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .