1479209 Елордалық қалыңдықтар үшін қызметтің бұл түрі сұраныста ➨ Читайте больше на NUR.KZ Калейдоскоп

Астанада тұрмысқа шығатын қыздар ерлердің стриптизіне жиі тапсырыс беруде

Астанада қыздардың жартылай жалаңаш биі секілді қызмет күннен күнге ескіріп келеді. Оның орнына енді ерлер стриптизіне деген сұраныс күн санап артуда деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Астанада тұрмысқа шығатын қыздар ерлердің стриптизіне жиі тапсырыс беруде

Көрнекі фото: Cosmopolitan Bride

Астанадағы мерекелік кештерді ұйымдастыру жөніндегі агенттіктердің хабарлауынша, астаналық бойжеткендер бүгінде жаппай қыз ойнақтар жасауға көшкен. Әдеттегідей, қалыңдық пен оның құрбылары жиналып, белгілі бір мекемені жалға алып, онда тек өздері ғана көңіл көтереді. Агенттіктегілердің мәліметіне сәйкес, мұндай мерекелік дастарханға кететін шығынның көлемі де әрқалай: қарапайымы - 150 мың теңге болса, жай ғана қыз ойнақ үшін 500 мың теңге жұмсаудан тайынбайтын қалыңдықтар да болады.

Астаналық event-агенттіктер ұсынған дерекке сәйкес, бүгінде ер адамдардың стриптизі қыз ойнақтардың  80%-да қарастырылады екен. Жартылай жалаңаш киінген ер адамдарға деген сұраныс бұл қызметпен айналысатын бойжеткендерге қарағанда артуда.

«Әйелдер стриптизіне деген сұраныс ақырындап азайып келеді. Еркектерге ол қызық емес", - дейді  1show.kz агенттігінің өкілдері.

Мәселен, Макс есімді стриптизші жігіт өзінің арнайы бағдарламасын жасап, қызойнақтардың "құрметті қонағы" болатынын айтады.

Ол өзінің жұмысы барысында куә болған жайттарды еске алып, қыздардың ойы еркектерден әлдеқайда арам деген пікірі айтты.

«Ерлер ұятсыз, арсыз деп жатады. Бірақ қыздардың ішімдікке тойып алғанда айтатын әңгімесін естіп, жаға ұстауға болады. Бұл менің жұмысым, ол маған ұнайды. Бірақ, кейде қалыңдықтар өздері келіп, тиіседі. Ертең ол тұрмысқа шығады, ана атанады. Үлгілі жар, аяулы ана болады. Ал бірақ ол бүгін мүлдем басқа. Менің ойымша, күйеу жігіттер қалыңдықтарының мұндай қылығын көрсе, олардан безіп кетер еді", - дейді ол.

«6, 7, 8 наурыз күндері сұраныс өте көп болады. Ерлердің стриптизіне тапсырыс беретіндер өте көп. Бірақ ондай қызмет көрсететіндер аз. Төрт бишіміз ғана бар. Олардың әйелі бар, отбасылы адамдар. Фитнес жаттықтырушылар. Олар түрлі образдарға кіріп, қызмет көрсетеді. Клиенттердің қалауынша, полиция қызметкері, бэтмен секілді образдарды сомдайды», - дейді  1show.kz агенттігінің өкілі.

"Бэтменнің" бір түнде табатын табысы 360 мың теңге. Сегіз минуттық биіның өзі 40 мың тұрады. Бұл жай күндері. Демалыс күндері 5 мың теңгеге қымбаттайды.

Стриптизші жігіттің айтуынша, мұндай қызметке 50 жастан асқан әйелдер де көп жүгінеді. Агенттегілер де мұны растап отыр.

Мақала авторы: Рабиға Дүйсенқұлова

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

ШҚО-да 32 жастағы әйел өзін туған күнімен құттықтамаған көңілдесін пышақтап тастады

Алматыда мас "әкімдік қызметкері" жол апатынан зардап шеккендерді балағаттады (видео)

Саябақтың атауын латыншаға ауыстырып тастаған шымкенттіктер елді таңғалдырды (фото)

Источник: Nur.kz
В статье: Стриптиз

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 14

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .