Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тойдан сарқытты жәшіктеп алған ер адам Қазнетте қызу пікірталас тудырды

Опубликовано:

Желіде той сарқытын толтырып алу үшін арнайы жәшік алып келген азаматтың видеосы пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Желі қолданушыларының дені ер азаматқа мұндай қылық жараспайды деген пікірде.

"Ол тойдың аяқ жағында алса бір жөн болар еді, той иесі кісілерге арнап алған тамақты корапқа салып алып кеткен дұрыс емес", "Әжелер солай істесе, бір сәрі", "Ер азаматқа сарқыт жинау ұят, бұны кезінде әжелер істейтін, тіпті әйелдер ұялатын", "Ер адамға жараспайтын қылық", "Сұмдық, бүгінде тойларда түк көрмегендей үстелдегінің бәрін сыпырып алады... Тойда үлкендердің қасына отырып қалсаң, аш қайтасың. Бір билеп қайтып келсең, үстелің бос болып тұрады. Өзі ыңғайсызданасың. Салатқа дейін салып алатынын қайтесің", - деп күйінді желі қолданушылары.

Дегенмен бұл әрекетте тұрған ешетеңе жоқ деп санайтындар ер азаматты жақтауға кірісті.

"Бәлкім, үйінде балалары аш отырған шығар?", "Сарқыт деп алып жатқан шығар? Ол да дұрыс", "Одан да балалары жесін. Мүмкін жағдайы жоқ шығар?", "Таң қалатын ештеңе жоқ. Күлкілі де емес, ондай-ондай бүкіл қазатарда тойда болып тұрады. Ер болсын, әйел болсын, сарқыт балаларына", "Ұят ештеңе жоқ, сұмдық қылмыс жасаған емес. Мүмкін аш балаларына алған болар? Адам баршылықта өмір сүрсе, үстелден ештеңе алмайды. Ал мына ер азамат алған болса, оған қажет деген сөз. Түсіріп тұрған адам ұялсын", - дейді өзге пікір қалдырушылар.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Сауль Альварестің Головкиннен 5 артықшылығы қандай? (фото)

Апалы-сіңлілі Жолдыбаевалар неліктен жартылай жалаңаш киінетіндерін түсіндірді

Шенеуніктер бір реттік баннер үшін қыруар қаржы жұмсайтын болып шықты (фото)

Алматыда балдақтағы адамды автобустан итеріп жіберген кондуктор жұрттың ашуына тиді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1478178-toydan-sarqytty-zhashiktep-alghan-er-ada/

pixel