1476986 Әнші философиялық ойларымен бөлісуде ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Отбасылы жігітке тұрмысқа шыққан Ақбота Сейітмағамбет хадистерге сүйене бастады

Үш балалы әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шыққан Ақбота Сейітмағамбет желіде философиялық ойларымен бөлісуде. Ол бақытқа жетудің оңай жолы болмайтынын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Отбасылы жігітке тұрмысқа шыққан Ақбота Сейітмағамбет хадистерге сүйене бастады

Фото Instagram желісінен алынды

"Егер Алла сені бақытта еткісі келсе, онда ол сені ең қиын жолмен жүргізеді. Себебі бақытқа жеткізер оңай жол болмайды. Бұхаридің хадисінде: "Алла жақсылық тілейтін құлына сынақ береді" делінген", - деп мысал келтірді ол.

Естеріңізде болса, Ақбота Сейітмағамбеттің есімі ел назарына "Гламур для дур" деп аталатын отандық кинокартинадан кейін түсті.

Желіде Дәуреннің Баянгүл есімді жары Ақботаны өзінің отбасының күл-талқанын шығарғанын жазған. Бұған куә болған желі қолданушылары Ақботаның үш баласы бар отбасының шаңырағын шайқалтты деп айыптап, жерден алып, жерге салған болатын.

Кейіннен Ақботаның "Кешью" тобынан кететіні, сонымен бірге оның отбасылық жағдайына байланысты топтағы мансабы тоқтайтыны белгілі болды. Алайда ел арасында оның тұрмысқа шығуына байланысты кеткен деген сөз лезде тарап кетті.

Осыған орай, Ақботаның өзі отандық БАҚ-тың біріне сұхбат беріп, бұл әңгімелердің барлығы негізсіз екенін жеткізді. Оның айтуынша, оның сүйіктісінің шоу бизнеске еш қатысы жоқ.

Сонымен бірге, ол Дәурен өзінің отбасылық жағдайын өзі реттеп алсын деп те мәлімдеген болатын.

Көп ұзамай, денсаулығын қалпына келтірген Баян Есентаева да бұл шуға қатысты өзінің пікірін қосты. Ол 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасына берген сұхбатында Ақботаның аяғы ауыр екенін ашып айтты. Сонымен бірге оның күйеужігіті Баянға келісімшартты бұзғаны үшін айыппұл төлейтінін де жайып салған еді.

Ал жуырда көптен бері әлеуметтік желілерден көрінбей кеткен Ақбота Instagram парақшасын белсенді түрде жүргізе бастады.

Ол Дәуренмен бірге түскен суретін жүктеп, тіпті той көйлегін де көрсетіп үлгерген.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің солтүстігінде жаңбырмен бірге бұршақ жауады деп күтілуде

Ақтөбеде жоғалып кеткен сегізінші сынып оқушысын көлікте пәктігінен айырған

34 градус ыстықта баннер тіреп тұрған студенттерге қатысты басшылық ақтала бастады

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 24

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .