1475835 Дәрігерлер күніне 15 минутқа ғана тұруға рұқсат берген ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Жол апатынан соң Ернар Айдарға төсектен тұруға тыйым салынды

Жол апатына түсіп, дүйім жұртты алаңдатқан Ернар Айдардың омыртқасы үш жерден сынғаны белгілі. Енді оған ұзақ уақытқа созылатын ем қажет. Дәрігерлер әншіге төсектен тұруға мүлдем тыйым салған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Жол апатынан соң Ернар Айдарға төсектен тұруға тыйым салынды

Фото Instagram желісінен алынды

Бұл туралы әншінің директоры Жазира Еркін хабарлаған.

"Ернарға төсек режимі ұсынылған. Енді ол төсекке жатып, ем қабылдауға мәжбүр. Дәрігерлер күніне 15 минутқа ғана тұруға рұқсат беріп отыр. Сондықтан әзірге барлық концерттер мен алдын ала бір жылға жазылып қойған жоспарларды шегеріп отырмыз", - деді ол.

"Үйде Ернарға анасы мен жеңгесі қарайтын болады. Көңіл күйі жақсы. Өзі үшін алаңдаған жандарға алғыс айтып, сәлем жолдауда", - деді ол.

Естеріңізге салсақ, сәуірді 11-нен 12-не қараған түні Ернар Айдар Шымкент-Алматы тас жолында ірі жол апатына ұшырап, жансақтау бөліміне түскен болатын.

Бірнеше күннен соң есін жиған әншіге ота жасалып, омыртқасы үш жерден сынғаны белгілі болған. Өткен сенбіде әншінің жағдайы жақсарып, ол ауруханадан шықты.

Әншінің тыңдармандары мен ел тұрғындары ол үшін алаңдап, Алладан оның сауығып кетуін сұрауда.

Материалды көшіріп басу үшін "Время" басылымына сілтеме жасау міндетті

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

"Қорғас ісі" бойынша сотталғандардың түрмеден босатылуы заңгерлердің түсінбестігін туғызды

Еліміздегі бірінші вице-премьердің немересі Лондонда "КСРО-2017" вице-аруы атанды (фото)

Талдықорғанда құлдыққа жегілген көпбалалы ана тіл тартпай кетті

Тәуекел Мүсілім қырғыз қызымен байланыста болғанын мойындады

Источник: Nur.kz
В статье: Ернар Айдар

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 20

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .