Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cұлу болу үшін жантүршігерлік қадамдарға барған әйелдер

Опубликовано:

«Сұлулық құрбандықты талап етеді» демекші, осы жолда талай құрбандықтарға баруға дайын болған, тіпті сол құрбандықтарының кесірінен зардап та шеккен әйелдер баршылық. "Қамшы" сұлулықтың өткен ғасырлардағы стандарттары туралы қызықты деректер ұсынады.

Маңдай қыру

Ренессанс (қайта өрлеу) дәуірінде қырылған маңдай мен маңдайдың кең болуы сәнге айналған. Осыған байланысты қыздардың көпшілігі маңдайын қырып жүретін болған. Яғни, маңдайдағы шаштарды алып тастап отырған. Сонымен бірге, кірпіктің болмауы да сұлулықтың белгісі ретінде есептелген.

Шұлық салу

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында кейбір елдерде әйелдің аяғын жалаңаштап жүруі – ерсі қылық ретінде қабылданған. Шұлық алуды қалтасы көтермеген әйелдер аяқтарына бояу жағып иллюзия жасаған. Бояудан терілеріне аллергия берген кездер де көп орын алған екен.

Аяқты байлау

Табанның кішілігі – қытай дәстүрінде сұлулықтың белгісі болып есептелген. XIII ғасырдың өзінде қыздардың табандарын 5 жастарынан бастап байлап тастап отырған. Оның нәтижесінде табан сүйегі дұрыс өспей, деформацияға ұшыраған. Тіпті, қыздар жүре алмай қалатындай дәрежеге жеткен. Алайда сұлу болу мен тұрмысқа шығу – маңыздырақ болған.

Тырнақ өсіру

Ежелгі Қытайда адамның тырнағы қаншалықты ұзын болса, ол адам соншалықты ақыл мен парасатқа ие деп есептеген. Тырнақтары арқылы Құдаймен сөйлесуге мүмкіндік алады деген сенім болған деседі.

Қосылған қас

Қалың қастар- аристократтық текті білдірген. Бұл Ежелгі Грекияда пайда болған ұғым. Әйелдердің көпшілігі қас сызып, кейбіреулері құстың мамығын жабыстырып алатын болған.

Тіс егеу

Қайта өрлеу кезеңінде әйелдер тек маңдай қырумен ғана емес, тіс егеумен де ерекшеленген. Алдыңғы тістері түзу болу үшін тістерін егеген.

Қал, мең қою

Жасанды қалдар қою әйелдер арасында кеңінен қолданылған. Салынған қалдары арқылы әйел адамның әлеуметтік деңгейін білуге болатын. Сол жақ бетіндегі қал – жесір әйел. Үстіңгі ерніндегі қал - басы бос дегенді аңғартса керек.

Қара тістер

Жапонияда 5 ғасыр бойы (XIII–XVIII) тұрмыстағы әйелдер тістерін қараға бояп жүретін болған.

Сөйлейтін қастар

Қытайда қыздар қастарын теріп, жұлып тастап орнына бояу жағып қоятын болған. Қазір де мұндай дүниелерді күнделікті өмірде кездестіруге болады. Ал қытайлық қыздардың қас салудағы ерекшеліктері - әр күні қастары әр түрлі форма (қалыпта) салынатын болған.

Көңіл-күйге байланысты қас қалпы да өзгеріп отырған. Әрине, сұлу болудың, сымбатты болып жүрудің сан түрлі жолдары бар. Алайда табиғи сұлулыққа ештеңе жепейтінін, ештеңе тең келмейтінін мойындау қажет.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Назарбаев мектебінде шу шықты: 19 оқушы уланып, ауруханаға түсті

Елбасынан сөгіс естіген Исекешев таңғы алтыдан бастап қаланы ретке келтіруге кірісті (фото)

Алматыны су басты: Қатты нөсерден қала тұрғындары тізеден су кешіп жүр (видео)

8 жастағы қызды педофилден құтқарған оқушы оқу грантынан бас тартты

Қазақстанда хиджаб киюге қашан тыйым салынатыны белгілі болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1474071-culu-bolu-ushin-zhanturshigerlik-qadamda/

pixel