1472389 Продюсер: Мен арқылы ел назарын өзіңізге аударғыңыз келді ме? ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Баян Есентаева өзін сынаған танымал журналиске жауап берді (фото)

Баян Есентаева өзін сынап тастаған танымал журналист Арман Сқабылұлының сынына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Баян Есентаева өзін сынаған танымал журналиске жауап берді (фото)

Баян Есентаева

Бұдан бір күн бұрын танымал журналист Арман Сқабылұлы Баян Есентаеваның отандық басылымдардың біріне берген сұхбатына наразы болып, ренішін білдірген еді. Ол күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтып, сұхбат берген продюсердің әрекетін сынаған-ды.

Алайда бұл сынға продюсердің де берер жауабы дайын екен. Ол да желідегі парақшасына Арман Сқабылұлына қатысты өз пікірін жариялады.

"Біздің еркектердің өз өзіне сенбейтіні сонша, тіпті бүгінге дейін ата-бабамыздың өсиеттеріне сүйеніп нәзік жандыларға тиісе береді (қазір енді қаламның көмегімен).

Қазақ ер-азаматының көзіне шөп салу мүмкін емес, бұл - қылмыс. Біздің ерлер сабырға келіп, өздеріне деген сенімі арта түсу үшін мұндай әйелдерді жазалауды ұсынамын. "Біз әлемдегі ең керемет еркекпіз, әйелдерімізді бақытты етіп жүрміз, біз оларға қамсыз өмір сыйладық, біз әйелдерімізді сыйлаймыз, себебі ерекшеміз" деген жалау алып шықсын", - деп жазды ол.

Француздарда "Егер әйелің көзіңе шөп салса, бұған сен өзің кінәлісің" деген мақал бар. Бірақ олар француздар ғой, біздікілерге ол жүрмейді, себебі олар айрықша жаратылған. Құрметті Арман аға, маған қатысты айтып отырған алғашқы сын-пікіріңіз емес бұл, бұрын менің шығармашылығыма тиісетін едіңіз, енді өмірімді сынап жатырсыз.

Менің ойымша, сіз мойындалмаған генийсіз, ал халық сіздің дарыныңызды әлі де қабылдай алмай жатыр. Бәлкім, дарыныңыз жоқ та шығар. Сондықтан, мен арқылы ел назарын аударғыңыз келді ме? Сіз сияқты өз-өзіне сенбейтін, әлсіз еркектер қанша екен?", - деді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Отандық депутат су тасқынын табиғатқа жаба салатын әкімдерге шүйлікті

Миына сегіз сантиметрлік шеге кіріп кеткен азамат тірі қалды

Оралда жақ-жаққа бөлінген футбол фанаттары ел алдында жаға жыртысты

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 72

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .