Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы танымал емханада отаны дәрігерлер емес, роботтар жасайды

Опубликовано:

Түркия еліне демалуға барып, қазақстандықтар аяқ асты сырқаттанып қалған жағдайда «Аджибадем» емханалар желісінің тағы бір бөлімшесі есігін айқара ашты. Заманауи технологиялармен жабдықталған емхана аурулардың кейбір түрін пышаққа түспей-ақ емдеп шығады екен. Ал отаны дәрігерлер емес, хирургиялық роботтар жүргізеді.

Түркиядағы Бодрум қаласының тұрғыны Айфер Гюнерен 70 жаста. Бір баланың анасы алты жылдан бері толық ем алумен келеді екен. Жақында ғана сүт безі ісігінен емделіп шыққан әйел, енді сүйектерге дейін жеткен қатерлі ісіктердің ошағын жоюға барымды салып жүрмін дейді.

«Үш аптада бір рет химиялық ем қабылдаймын. Бастапқыда шашым түсетін, бірақ емнің жаңа әдісін қабылдағалы бір тал шашым  түскен жоқ. «Аджибадем» емханасында емделіп жүргеніме өте қуаныштымын», - дейді науқас.

«Acibadem» емханаларында ең ауыр онкологиялық ауруларға, жілік майын ауыстыру, эстетикалық косметологияға оталар жасалады. Бөлімшедегі заманауи құрылғылардың арқасында кейбір оталар хирургиялық пышақсыз, арнайы аппаратпен роботтың көмегімен өтеді.

Ақ халаттылардың айтуынша, медициналық көмекке әсіресе, онкологиялық дертке шалдыққан қазақстандықтар жүгінеді екен.

Сөзінше, қорқынышты диагнозды «Аджибадем» емханасының қызметкерлері уақытылы анықтаған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

«Вконтакте» желісін ашқан Дуровтың құпиясын білесіз бе?

АҚШ-та "ашулы" қаз көшедегі полицейге шабуыл жасады  (видео)

Алматыда студенттің өлімінен соң жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

Отандық тележұлдыздар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек жинауда (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1471230-turkiyadaghy-tanymal-emkhanada-otany-da/

pixel