1471187 Ол әлемдегі ең мықты продюсерлік орталықпен келісім-шартқа отырады деген болжам бар ➨ Читайте больше на NUR.KZ Культура и шоу-бизнес

Димашты қазақстандықтар енді тек ғаламтордан ғана көруі мүмкін

Димашты қазақстандықтар алдағы уақытта тек ғаламтордан, онлайн режимде ғана көре алуы мүмкін. Өйткені, "Димаш әлемдегі ең мықты продюсерлік орталықтардың бірімен сегіз жылға келісімшартқа отырмақшы екен" деген де ақпарат тарап жатыр деп хабарлайды 31 арна.

Димашты қазақстандықтар енді тек ғаламтордан ғана көруі мүмкін

Фото әншінің Instagram желісіндегі парақшадан алынды

Ал, әншінің өзі Қытайдың танымал сайтына берген соңғы сұхбатында, жақын күндері "Қазақстандықтарға жеткізер жақсы жаңалығым бар" деді.

Келісімшарт бойынша, Димашқа жоба жайында өзге ақпарат құралдарына сұхбат беруге тыйым салынғандықтан, жерлесіміздің байқаудан алған әсері мен сәлемін ұялы телефонның камерасына түсіріп алып, жеткізуге тура келді.

"Димаш байқау туралы өзіңнің ойыңды естігіміз келіп отыр. Қандай сезімдесің?", - деген арна тілшісінің сұрағына ол:

" Осындай, әлемдік денгейдегі әнші әпке ағаларыммен бір сахнаға шығып өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе", - деп жауап қайырды.

Ендігі мәселе - Димаш Қытайда қала ма, әлде мұхиттың ар жағына кете ме?

"8 жылға келісімшартқа отырмақшы екен" деген сыбыс қазір ел ішінде желдей есіп жүр. Дегенмен, әнші таңдауын жасап қойған сияқты.

"Жақсы жаңалықтармен қуантамын шыдаңыздар", - деді ол.

Талай додада топ жарғанымен, шынайы бағасын сыртта алған Димаштың Қазақстанға ертең қайта қоймайтыны анық. Небәрі үш айда әлемдік сахнаны бағындырған әншінің күнтізбесінде бос күн жоқ қазір.

"Әрине Қытай халқы маған осындай үлкен көрермендер аудиториясын жинап бергеннен кейін, мен міндетті түрде жұмысымды қытай елінде де жалғастыратын боламын", - деп мәлімдеді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

«Вконтакте» желісін ашқан Дуровтың құпиясын білесіз бе?

АҚШ-та "ашулы" қаз көшедегі полицейге шабуыл жасады  (видео)

Алматыда студенттің өлімінен соң жатақханалар жаппай тексеріліп жатыр

Отандық тележұлдыздар тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға көмек жинауда (фото)

 

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 57

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .