KZ
Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесінің атын жамылған алаяқты сотқа берді (фото)
Новости Интересно

Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесінің атын жамылған алаяқты сотқа берді (фото)

Расказать Вконтакте

Баян Есентаеваның қызы желіде Бақытбек Есентаевтың атынан парақша ашып, жазба жариялап жүрген арам ниетті желі қолданушысын сотқа берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айсәуле Бақытбек түрмедегі әкесінің атын жамылған алаяқты сотқа берді (фото)

Скриншот желідегі парақшадан алынды

Айсәуленің айтуынша, белгісіз біреулер оның түрмеде отырған әкесінің атынан Instagram желісінен парақша ашып, онда түрлі жазбалар жазып жүр. Бақытбек Есентаев деген аккаунтпен тіркелген қолданушыны ол өзінің әкесі емес деп отыр.

"Бұл менің әкем емес. Түрмеде ұялы телефон жоқ. Адамдар соншалықты қатыгез, арсыз, санасыз бола ала ма? Мұндай жағдайда қалай ғана фейк парақша ашуға болады? Мен сізге бірнеше мәрте тез арада бұл парақшаны өшірмесеңіз, тауып аламын да, сотқа беремін деп ескерткенмін. Енді соттан хабар күтіңіз.

Менің отбасымды кемсітіп, аяғынан шалып немесе отбасым туралы жаман бірнәрсе жазатындардың барлығын осылай жазалаймын. Құдайға шүкір, қазіргі кезде ғаламтордағы қылмысқа қолданылатын жаза да ауыр. Интернетті ластаудың қажеті жоқ", - деді ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

БАҚ: Қазақстандағы депутаттардың жалақысы көтерілді

Қазаққа келін болған орыс қызы жарты қаланың туыс болып шыққанына таңданып жүр

Танымал заңгер депутаттардың жалақысы негізсіз өскеніне күйінді

Ақтөбелік имамдар жұма намазға қысқа етекпен келетін қыз-келіншектерге алаңдап отыр

Бишімбаевтың қамау мерзімі тағы ұзартылды

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
68
18
20
29
0
33
34
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии