KZ
Түнгі клубта азанның үнін әнге қосқан жігіт сотталып кетті
Новости Интересно

Түнгі клубта азанның үнін әнге қосқан жігіт сотталып кетті

Расказать Вконтакте

Тунис мемлекетінің соты жергілікті барлардың бірінде диджей болып жұмыс жасайтын британдық азаматты бір жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Түнгі клубта азанның үнін әнге қосқан жігіт сотталып кетті

Диджей. Фото: muslim.kz

Бұл туралы muslim.kz жазады.

Dax J деген лақап атпен бүркенген Лондон қаласының тумасы қасиетті азан сөздерін әнге қосып, ремикс жасаған көрінеді.

Алайда, өзіне төнген қауіпті алдын ала сезген «сазгерсымақ» өзіне үкім шығарылмай жатып, елден кетіп үлгерген екен. Кетіп бара жатып Тунис халқынан кешірім де сұрап үлгеріпті. Бұл жайында ВВС арнасы таратқан хабарда айтылады.

Ал  диджей жұмыс жасаған түнгі клуб осы оқиғадан соң өз жұмыс тоқтатқан. «Біз діни сенім мен құндылықтарға тиісуіне жол бермейміз», – деп атап өтті Набеул қаласының губернаторы Мнауар Уэртэни.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Екі қолынан айырылған 11 жасар баланың оқиғасы халықты жылатты (фото, видео)

Қостанайда медбикені балағаттаған науқастың басы дауға қалды

Жазда жүз теңге тұратын қарбызды Астанада 19 мыңнан сатуда (фото)

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
52
10
13
9
0
48
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии