KZ
Үндістандық диктор эфирден күйеуінің өлгені туралы жаңалықты оқыған
Новости Интересно

Үндістандық диктор эфирден күйеуінің өлгені туралы жаңалықты оқыған

Расказать Вконтакте

Үндістан телевизиясында орын алған оқиға БАҚ арқылы әлемге тарап кетті. ІВС24 арнасының дикторы Суприт Каур эфирде күйеуінің қайтыс болғаны туралы жаңалықты оқыған.

Үндістандық диктор эфирден күйеуінің өлгені туралы жаңалықты оқыған

фото: Twitter

Бұл туралы Хороший сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Суприт Каур тікелей эфирден жаңалық жүргізіп отырған сәтте жол апатынан үш адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат түседі. Кейін оқиға орнында жүрген тілші байланысқа шыққанымен, ол марқұмдардың аты-жөндерін атамаған.

Алайда, диктор апаттан қаза болған өзінің күйеуі екенін сезеді. Әйтсе де, жаңалықтардың соңына дейін сабыр сақтап, сыр алдырмаған.

Тек тікелей эфир аяқталған соң ғана Суприт Каур тілшімен байланысып, жол апатына көз жұмған өзінің күйеуі екеніне көз жеткізеді.

Осыдан соң, қатты қайғырған диктор есінен танып қалған. Суприт Каур 9 жылдан бері телеарнада еңбек етеді. Оның марқұм жолдасымен арада бір баласы бар.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Екі қолынан айырылған 11 жасар баланың оқиғасы халықты жылатты (фото, видео)

Қостанайда медбикені балағаттаған науқастың басы дауға қалды

Жазда жүз теңге тұратын қарбызды Астанада 19 мыңнан сатуда (фото)

 

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
12
15
15
123
14
9
19
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии