KZ
Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)
Новости Интересно

Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)

Расказать Вконтакте

Алуа Қонарованың продюсерлігіндегі "Renzo" тобының әншісі Жанболат Ертаевқа бұзақылық жасап, түнгі клубта ер адамды соққыға жықты деген айып тағылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы оның топ продюсері Алуа Қонарова өзінің желідегі парақшасында жазды.

Ойда жоқта қылмыскер атанып кеткен отандық әншінің басы дауға қалды (фото)

Фото әншінің желідегі парақшасынан алынды

Шоу бизнестегі танымал топтардың бірі "Renzo" тобының мүшесі Жанболат Ертаев ойда жоқта Өскемен қаласында бұзақылық жасағаны "сотталғанын" біліп қалады. Қылмыс жасалған уақытта Өскемен қаласында мүлдем болмаған әншінің айтуынша, ол сол сәтте қалада тіптен болмаған көрінеді. Ал қылмыстық істегі бұзақылық жасады деп сотталған адамның суреті мүлде басқа біреудің фотосы болып шыққан.

Бұл жайтқа аң-таң болып, наразылық танытқан әншінің хатын Алуа Қонарова жария етті. Ол көпшіліктен көмек сұрап, бұлай болуы мүмкін деген сауал жолдады.

Ертаевтың айтуынша, сотталған-сотталмағаны туралы анықтамада оның 2016 жылғы 23 маусымда Қазақстанның Қылмыстық кодексі 293-бап, яғни бұзақылық әрекет жасады деп айыпталып, кінәлі деп тапқан екен.

Ол өз хатында дәл сол күні Алматыда болғанын, қылмыстық істегі деректер шындыққа жанаспайтынын ашып айтқан. Сонымен бірге, қылмыстық істегі қылмыс жасады делінген күдіктінің аты-жөні өзінікімен сәйкес келгенімен, суреттегі жігіт басқа адам болып шыққан. Суреттегі жігіт оның кішкентайдан бірге өскен көршісі екен.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы болса, бұл дерек бойынша тіркелген қылмыстық істі облыс прокуроры өз бақылауына алғанын айтты.

Ал продюсер болса, өз кезегінде, мұндай әрекеттің қалай орын алғанын және мұны істеген жауапты адамдар қандай жауапкершілікке тартылатынын білгісі келетінін айтты.

"Мұндай жайт әркімнің басына түспесіне кім кепіл?", - деп наразы болды ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің бірқатар аймақтарында жауын-шашын болады

Қарағандыда төтенше жағдайлар департаментінің шендісі парамен ұсталды

Полицейді өлтірді деп айыпталған қазақстандықтың тағы бір "әкесі" мәлімдеме жасады

Қызылорда әкімінің "Лексусын" айдап әкеткен жігіт полицейге оқ атып, сол аяғын жаралады

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
39
23
12
18
19
10
11
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии