1457341 Ол қазір ұлымен араласпайтынын алға тартты ➨ Читайте больше на NUR.KZ Общество

Полиция қызметкерлерін өлтірді деп айыпталған қазақстандықтың тағы бір "әкесі" мәлімдеме жасады

Астраханьдық полиция қызметкерлерін өлтірді деп айыпталған 27 жастағы Қазақстан тұрғыны Әлібек Ғизатовқа қатысты жаңа дерек шықты. Өзін Әлібектің әкесі ретінде таныстырған кісі бұған дейін БАҚ бетінде пайда болған ұлының қамауға алынғанына қатысты сұхбатты бермегенін айтады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап NUR.KZ.

Полиция қызметкерлерін өлтірді деп айыпталған қазақстандықтың тағы бір "әкесі" мәлімдеме жасады

Батырбек Ғизатов. Кадр КТК

Оның айтуынша, БАҚ-та шыққан видеодағы "Әлібектің әкесін" ол алғаш рет көріп отыр.

"Мына адамды білмеймін. Ол сұхбат беріп, өзін Әлібек Ғизатовтың әкесі ретінде таныстырды. Құзырлы органдар ақпаратты тексерсін. Мен ол кезде жұмыста болғанмын. Яғни сұхбатты мен бермегенмін. Ұлымның кінәлі немесе кінәсіз екенінен де хабардар емеспін", - дейді Батырбек Ғизатов.

Оның сөзіне сенсек, жуырда оған полиция қызметкерлері келіп, ұлы туралы сұрастырған екен.

Алайда Батырбек 25 жыл бұрын отбасын тастап кеткен, содан бері ол ұлымен араласпаған. Сонымен бірге, Батырбектің айтуы бойынша, 90-жылдары оның әйелі ұлын Ресейге алып кеткен.

«Мен Ғизатов Әлібектің әкесімін. 1992 жылдан бастап онымен бірге тұрмаймын. Ол Құрманғазы ауылы, Галышкино ауылында дүниеге келген. Кеше маған ҰҚК өкілдері келді. Олар болған жайттан хабардар етті. Бірақ мен ұлыммен қатынаспаймын. Оны тіпті көрмегенмін", - деп түсіндірді Батырбек.

Айта кету керек, астраханьдық полиция қызметкерлерін өлтірді деген айыппен тағы бір Қазақстан тумасы ұсталды. Ол Дағыстанның тұрғыны - Ильяс Магомедов.

Ильястың айтуынша, оның қамауға алынуы үлкен қателіктің салдарынан туындапты. Бірнеше күн бұрын ол автокөлік сатып алған. Сол автокөліктің бұрынғы иесі қылмыскер болуы мүмкін дегенді алға тартты күдікті.

«Астраханьда ешқашан болмағанмын. Маған күдікке ілінгенімді жеткізген соң, мен өз аяғыммен құқық қорғау органына келдім. Өзім келгеніне олар да таңғалып отыр", - дейді ол.

Қазақстан Астаханьда полиция қызметкерлердің өліміне қатысы барларды ұстауға көмек беруде. Ресеймен шекаралас аймақтарда бақылау күшейтілген. Бүгінгі таңда Әлібек Ғизатовтың тағдыры шешілуде.

Билік жігітті тергеу жүргізу мақсатында ресейлік тарапқа тапсырмақ. Ал Ильяс Магомедовтың мәлімдемесіне қатысты құқық қорғау органдары әзірге түсінік берген жоқ.

Еске салсақ, видеотіркегіш камерасына астарханьдық тәртіп сақшыларын өлтіру сәті түсіп қалған еді. 4 сәуір күні бір топ бұзақы полиция патруліне шабуыл жасап, табельді қаруын алып алған.

8 адамға іздеу салынған. Олардың қатарында үш Қазақстан тумасы да бар. Олар: Әлібек Ғизатов, Ахмед және Ілияс Магомедовтар. Біріншісі Атырау облысынан табылған.

Әлібек өзінің суретін көрген соң атыраулық полицейлердің қолына өз аяғымен барған. Оның айтуынша, қылмыс кезінде Қазақстан аумағында болған. Мұны ресейлік тарап та растап отыр. 

Өзін жігіттің әкесімін деп таныстырған кісі оны жақтап, іздеуде жүргендер тізімінен өзінің "ұлын" алып тастауды талап еткен.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Димаш Құдайберген финалдық кезеңде кіммен бірге ән шырқайды?

Танымал әнші Карина Абдуллина балгерлікпен айналысып кетті (фото)

Токиодағы Олимпиаданың медальдарын ескі ұялы телефондардан жасамақ

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 0

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .