KZ
Белгілі әншінің күйеуі әйел адамды балағаттағаны үшін дауға қалды
Новости Интересно

Белгілі әншінің күйеуі әйел адамды балағаттағаны үшін дауға қалды

Расказать Вконтакте

Белгілі әнші Анжеликаның күйеуі Урмат Бекболиев әйел адамды балағаттағаны үшін дауға қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы zanoza.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі әншінің күйеуі әйел адамды балағаттағаны үшін дауға қалды

Бекболиевтер. Фото: limon.kg

4 сәуір күні Урмат Бекболиев әйел адамға балағат сөздер жаудырып, қоқан-лоққы көрсеткені үшін 1,5 мың сом айыппұл төлейтін болды. Белгілі болғандай, ол өз пәтерін сатып жатқан құрылыс компанияларының біріндегі қызметкер әйелмен жанжалдасып қалған.

Бекболиев келісімшартқа қол қоюға уақытылы келмегесін, аталмыш қызметкер оны күтпей, кеңседен кетіп қалыпты. Сол арада жетіп келген Бекболиев оның кеңсеге оралуын сұрайды. Алайда әйел жиналыста болғандықтан, оның өтінішін орындай алмаған. Бұған ашуланған Бекболиев жиынға баса көктеп кіріп, құжатқа кідірместен қол қоюды талап етеді.

Тіпті, қол қоймаған жағдайда әйелге физикалық күш қолданатынын айтып, қоқан-лоққы көрсеткен, әрі балағат сөздер жаудырған Бекболиев көп ұзамай жазасын алды. Әйел өзінен кешірім сұрамай қойған азаматтың үстінен арыз жазып, оның кінәсін дәлелдеп шықты.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Шешенстан билігі елінде бірде-бір гей жоқтығын айтып мақтанды

Өз елінде көлеңкеде қалған канадалық хоккейші Қазақстан азаматтығын алды

Дінтанушы: Қыздың күйеуінің тегіне өтуі исламға қайшы

Рамзан Кадыровтың қызы ресейлік сылқымдарға орамал тақты

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
30
11
12
16
30
27
15
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии