Выйти
KZ

Қайрат Нұртасты "тірідей" көрген мейрамхана қызметкері қуаныштан талып қалған

Рассказать в Telegram Расcказать Вконтакте

Алматы қаласындағы мейрамханалардың біріне тойға келген Қайрат Нұртасты көрген мекеме қызметшісі қатты толқығаннан есінен талып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы мейрамхана даяшыларының бірі айтып берді.

"Біздің мекеме Алматыдағы элиталы, қымбат, әрі танымал мейрамханалардың бірі. Мұнда ауқатты адамдар ғана той жасайды. Соған сай әр тойда эстрадамыздағы небір танымал әншілерді көруге болады.

Осындай тойдың біріне Қайрат Нұртас келеді дегенді естідік. Бізбен бірге мейрамханада жұмыс істейтін апайымыздың ұлы да, өзі де Қайратты қатты жақсы көреді екен.

Асаба "Қайрат Нұртасты қарсы алыңыздар",- деп ортаға шақырып, Қайрат ән айтып жатқанда әлгі апайымыз әкімшіліктен барып, видеоға түсіруге рұқсат сұрады. Олар рұқсатын берген соң, ұялы телефонына әншіні видеоға түсіріп тұрған апай екінші ән біткенде талып қалды.

Ол кезде Қайрат әнін бітіріп, қайтып бара жатқан. Содан әлгі кісінің бетіне су шашып, есін жинатып жатсақ, апайымыз "Мен Қайрат Нұртасты тірідей көрдім ғой, Қайратты көрдім", - деп жерде бетін басып, мәз болып жатыр.

Біздің мейрамханада мұндай оқиғалардың неше түрі болып жатады. Бірақ, осы оқиға есімізде ерекше болып қалды", -дейді даяшы.

Тағы оқыңыздар:

Дінтанушы: Қыздың күйеуінің тегіне өтуі исламға қайшы

Рамзан Кадыровтың қызы ресейлік сылқымдарға орамал тақты

Қыз туғаны үшін күйеуі тастап кеткен әйел қазір 14 бала тәрбиелеп отыр

Алмазбек Атамбаев: Путин мен Меркельге дейін менің мұрагерімді сұрайды

Подпишитесь и узнавайте о свежих новостях Казахстана, фото, видео и других эксклюзивах первыми!

Читайте также
Қайрат Нұртасты "тірідей" көрген мейрамхана қызметкері қуаныштан талып қалған