Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлердің "құбыжық босанасың" деген сөзіне сенбеген әйел сәбиін өмірге әкелді (фото)

Опубликовано:

Дүниеге ұл бала алып келетінін білгенде, жас ана қатты қуанады. Алайда, жүктіліктің 21-ші аптасында дәрігерлер әйелдің дүниеге "құбыжық" әкелетін ескерткен деп хабарлайды lamp.im сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Бұндай жаңалықты естіген жұбайлардың көңілдері су сепкендей басылды. Екі жас қойылған диагноздарға қарамастан құрсақтағы сәбиді дүниеге әкелуге бел буады. Бір қыздары бар жұбайлар Құдай беріп тұрған екінші балаларынан да бас тартпайтындықтарын айтқан.

Жүктілік кезеңінде дәрігерлер Верониканы баласының жүрек ақауымен, мұрын сүйегінің қысқа болып, аузы-мұрны ісіп туылады деп қорқытып келген. Бұған қоса аты жаман гидроцефелия ауруына да шалдыққанын айтып шошытады.

Дәрігерлер аяғы ауыр келіншектен тым кеш болмай тұрғанда жүктілік кезеңін үзуді сұраған.

Әлі дүниенің жарық сәулесін көрмеген баланы құбыжыққа теңеген дәрігерлер, оның өсімдік тәріздес болып қалатынын айтумен болады.

Айтылған сын-ескертпелерге еш сенбеген баланың ата-анасы түкке қарамай баланы 2015 жылы дүниеге алып келеді. Бір қызығы, баланың бойында дәрігерлер шошытып-үркіткен диагноздар табылмаған. Олардың қойған даун диагнозы ғана расталады. Баланың ата-аналары бұған әлдеқашан дайын болған.

Жүрек ақауымен туылған нәресте өзінің бір жарйым айында отаға жатқызылған. Жансақтау бөлімінде жатқан бала бұл отадан да сәтті өтуге күш таба алды.

Өмірге "құбыжық" болып келеді деген бала - бүгінде ата-әжесі мен ата-анасының қуанышы.

Үй ішін жарық сәулеге толтырған баланы ата-анасы "періштеге" теңейді. Олар үшін ұлдарының дүниеге келуі - тәңірдің берген сыйы.

Тағы оқыңыздар:

Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары жанайқайын жеткізді (фото)

Астаналық кәсіпкердің тоқалы қызының да екінші әйел болуына қарсы емес (видео)

Қарағанды облысының тұрғыны өз әкесін балағаттағаны үшін жауапқа тартылды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1451735-darigerlerdinh-qubyzhyq-bosanasynh-deg/

pixel