Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық жігіт әйелін апта сайын сабамағаны үшін өкінді (видео)

Опубликовано:

Қазақстан ұлттық арнасындағы «Айтуға оңай» ток-шоуына келген азамат 20 жыл отасқан әйелі төрт-бес жыл таяқ жемей, өзінен қорықпай кеткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жуалыдан келген Ербол Сазанбеков әйелін алдағаны үшін мектептің алдында ұрғанын айтты. Отағасы он екі жарымда бала-шағасын күтіп, әйеліне хабарласқан. Алайда, жігіт он бес минут бұрын үйге қарай шығып кетті деген қызының сөмкесін көршінің әкелгенін көріп, әйеліне қайта хабарласқан.

"Әйеліме қайта звондап, "Алтынай қайда?" десем, реферат шығаруға кетіп еді, бүйтіп қалыпты, сөйтіп қалыпты деген «отмазка» айтады. Мен "Неге мені бұлай алдайсың, жаңа он бес минут бұрын шығып кетті дегенің қайда?" десем, ол қызымның менен қорқатынын айтты. Ашуланған мен бірден мектепке бардым", - дейді ол.

Мектеп пен үйдің арасы жиырма минуттық жерде екенін айтқан Ербол, мектептің алдына барған соң, әйеліне хабарласып, сыртқа шығуын сұраған.

"Келгенде сиыр сыйпағанды білмейсің, не істеп жүрсің деп шапалақпен бір ұрдым. Сөйтсем қолымнан ұстап алған, көзін бақырайтып, шатынайды. Жиырма жылда мен оның ондай түрін көрмегенмін. Сосын алдым да, баспен бір ұрып, бұрылып кетіп қалдым", - дейді ол.

Осы жағдайдан кейін, әйелі төрт баласын алып, төркініне кетіп қалған.

"Ұрмағаныма міне бес жылдай болған. Ол соны "разчувствовался", "страх" жоғалтып алған. Оны апта сайын ұрып тұрсам, ол страхты жоғалтпас еді. Оны ұрып тұруым керек еді. Семейдің қызы, қазір Таскескенде жатыр", - деп өкінді Ербол.

Тағы оқыңыздар:

Моңғолияда 1000 бүлдіршін бір уақытта домбыра шертіп, ел сүйіспеншілігіне бөленді

Әуежайдағы құлағалы тұрған әжетхананың жағдайы жолаушының ашуын келтірді (фото)

Мәншүк Мәметова алаңында жазылған былғанышты сөздер оралдықтардың шамына тиді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1447789-qyzylordalyq-zhigit-uyinen-ketip-qalgh/

pixel