KZ
Тоқтар Серіков жары Бейбітке әкесіндей кісілердің көз салғанын айтып берді
Новости Интересно

Тоқтар Серіков жары Бейбітке әкесіндей кісілердің көз салғанын айтып берді

Расказать Вконтакте

Тоқтар Серіков жары Бейбіт Сейдуәлиеваға танымал адамдардың көз қырын салып, кей кездері оның өзінен нөмірін тауып беруді сұрағаны туралы туралы "Астана" арнасының "Сырласу" бағдарламасында ашып айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тоқтар Серіков жары Бейбітке әкесіндей кісілердің көз салғанын айтып берді

Фото интернет желісінен

"Өнерде жүрген қыздардың көбінің тағдырына қарап жүрегім ауырады. Сондықтан қазақ қыздары өнерге келсе де, өзіне, өнеріне жаны ашитын азаматты жолықтырса деген ой. Бейбітке де ғашық болғаным, жасыратыны жоқ, өнерден басталған дүние.

Осы қыздың тағдыры не болады екен деп ойлағанмын басында. Қасында жүрдім, аға болдым, қамқор болдым", – дейді Тоқтар Серіков.

Тоқтар Бейбітке көз салған әкесіндей адамдардың ішінде танымал тұлғалардың болғанын, сол үшін олардың атын атағысы келмейтінін де жасырмады.

"Қарап отырсам Бейбіттің телефонын өзімнен келіп сұрайды біреулер. Сонда олардың ойларын біліп тұрмын. Мына қызды қайдан тауып алсақ болады екен деп… Үлкен жігіттер. Жоқ, менің жүріп жүрген қызым ғой деп бетін қайтаратынмын. Кейбіреулеріне "кейін тауып беремін" деп қылжақтаймын. Кәдімгідей артымнан жүретін олар. Сондайларға күлкім келеді.

Соны көріп тұрып, мен бұл қызды тастап кететін болсам, қолымнан келіп тұрып бір адамға көмегімді жасамасам, суға батырып не өртке тастай саламын ба?" деген әнші Бейбітке деген махаббатының осындай оқиғалардан соң, керісінше жандана түскенін айтады.

Тағы оқыңыздар:

Димаш Қытайдағы байқаудың финалына шықты (видео)

Тәуекел Мүсілім түсірілім кезінде бет әрлеуші әйелді босандыра жаздады (фото)

Ақтөбеде бойжеткенді кепілге алған жігіттің туыстары тілшілерді соққыға жықты

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Ваша реакция
70
20
41
24
106
205
111
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии