Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұл тест мінезіңіздің қандай екенін дәл сипаттап береді (фото)

Опубликовано:

Бұл тест арқылы өз мінезіңізді анықтай аласыз. Психогеометриялық тесттер әдетте ойыңызға келген ең бірінші жауапты көрсеткенде дәл түседі деп жазады qamshy.kz.

Ал жауап нұсқасын таңдағанда ұзақ ойлансаңыз, тесттің нәтижесі нақты болу мүмкіндігі азаяды. Алдарыңызда қарапайым геометрикалық пішіндерден құралған 8 адамның суреті көрсетілген. Оның біреуін таңдап, өз мінезіңізді анықтап көріңіз.

Бірінші сурет: Көшбасы. Әдетте мұндай адамдардың басқару және ұйымдастырушылық қасиеттері жоғары. Олар ортаға тез бейімделіп, адамдарға ықпал ете алады.

Екінші сурет: Жауапкершілігі мол орындаушы. Аталмыш адамдардың бойында көшбасшылық қасиеттер бар. Алайда жауапты шешім қабылдағанда үнемі өзіне сенімсіздік танытады.

Үшінші сурет: Мазасыз, күмәнмен өмір сүреді. Мұндай адамдар әдетте өмір бойы бір кәсіппен айналыспайды немесе қосымша қызығушылығы болады.

Төртінші сурет: Білімді. Мұндай адамдар барлығын алдын-ала жоспарлап қояды.

Бесінші сурет: Сезімтал. Мұндай адамдар бір істен екіншісіне тез ауысады. Өзгелергеүнемі қамқорлық танытып жүреді.

Алтыншы сурет: Құрастырушы, суретші. Мұндай адамдардың қиялы шексіз.

Жетінші сурет: Эмоционалды. Басқа адамдарға үнемі жаны ашып тұрады.

Сегізінші сурет: Диктатор. Бұл адамдар жұмыста әрқашан өз қалағанын жасатады. Өзгелерге жанашырлық танытпайды.

Тағы оқыңыздар:

Алматыда тоғыз жасар қызды жездесі мен нағашы атасы қорлап келген

Отбасылы жігітпен төсектес болған бойжеткенді ел алдында масқаралады (фото)

Ақтөбелік ананың келін-баласы үшінші сәбиін Сирияда дүниеге әкелді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1436153-bul-test-minezinhizdinh-qanday-ekenin-d/

pixel