1433348 Гүлшат Қайырғали: Мен бақытты анамын ➨ Читайте больше на NUR.KZ Красота и Здоровье

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Ақтөбеде қызының бауыры салынып, дертінен айыққан Гүлшат Қайырғали есін жиып, палатаға ауыстырылды. 49 жастағы бес баланың анасына 22 жастағы ортаншы қызы бауырын берген. Корея елінен келген мамандармен ақтөбелік трансплантологтар бірлесіп жасаған ота сәтті шығып, тағы бір адамның өмірі ұзартылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Гүлшат Қайырғали. Фото: nur.kz

«2013 жылдан бастап бауыр ауруымен есепке алындым. Астанаға барып ем алып жүрдім. Өткен жылдың соңында алған емімнің әсері болмай қалды. Қызым ауырған кезімнен «донор болам» деп жүрген. Өзім балаға обал жасамайын деп қарсы болдым. Қатты ауырған кезімде жолдасым, балаларым отаға келісуге көндірді», - дейді Гүлшат Қайырғали.

Гүлшат жолдасымен 30 жыл бірге тұрған. Бес балалы ананың кіші перзенті - 5 жаста.

«Отыз жылдан бері бір бірімізбен ренжісіп көрген жоқпыз. Ата-енеммен 22 жыл бірге тұрдым. Аман қалуыма әруақтардың қолдауы болған шығар деп ойлаймын. Жолдасымның еңбегін ешқандай сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Оның қолдауы мен қызымның өжеттігінің арқасында аман қалдым.

Бұл қызым балалардың ішіндегі ерекшесі. Бетке турасын айтып, тік сөйлейді. Отаға дейін қорқынышымның болмауына да қызымның өзін ұстауы себеп болған шығар. Бірінші қызымды, екі сағаттан кейін мені алып кететін болды. Маған сәл кешігіп келгенде қызым үшін қатты алаңдадым. Сол кезде баламды қатты аядым. Есімді жиғанда қызымды сұрай беріппін», - дейді ол.

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Гүлшат Қайырғали дәрігерімен бірге. Фото: nur.kz

Ота жасаған дәрігерлер есін жинаған ана мен балаға естен кетпес сезім мен рух берген.

«Қызымды облыстың бас дәрігері Әсет Әскерұлы бастаған дәрігерлер ертіп әкелді. Оны қолпаштап «Анаңды құтқардың, ерлік жасадың, батыр қызсың» деп бәрі құттықтап жатты. Емдеп қана емес, төбемізді көкке жеткізердей сөздер айтқан кең жүректі дәрігерлерді көрдім. Сөздің де ем екенін сезіне алдым.

Қызымды жетектеп әкеліп қолымнан ұстатқан сәт есімнен кетер емес. Дәметкен келіп «Есімді жинаған кезде өзімді түк ойлаған жоқпын, сізді көрсетіңіз деп айта беріппін» деп жатыр. Ол маған екінші өмір сыйлады, мен бақытты анамын», - дейді Гүлшат Қайырғали.

Ол ауырған кезде үнемі қолдай білген әріптестері мен жолдасына құрметінің бөлек екенін айтты.

«Астанаға барған сайын қыздарым не жолдасым еріп баратын. Оларға да оңай емес еді. Жұбайымның қолдауының арқасында ғана осыған дейін тірі жүрген шығармын. Менің ауырғаным оған қатты батты. Мені ойлағанынан оның да қан қысымы көтеріліп ауырып қалды.

Шиеттей баламен жалғыз қаламын деген ой оңай емес. Балаларым папамыз ауырып қалмасын деп алаңдайды»,- дейді Гүлшат.

Ақтөбелік бойжеткен 49 жастағы анасына екінші өмір сыйлады (фото)

Анасына бауырын берген Дәметкен. Фото: nur.kz

Ал 22 жастағы Дәметкен батыр болғаны үшін емес, анасын аман алып қалғаны үшін қуанады.

«Ешқандай қорқыныш болған жоқ. Әуелі Аллаға, екінші дәрәгерлерге сендім. Отадан тұрғаннан кейін де анамның жағдайын сұрадым»,- дейді Дәметкен Сағиева.

Туған қызы екінші өмір сыйлаған Гүлшат Қайырғали бүгін 49 жасқа толады. Оның қызы да өзі де медицина саласының қызметкерлері.

Тағы оқыңыздар:

Әйгілі Сары әулиенің ең жас тоқалы сүйіктісіне қыз туып берді (фото)

Назарбаев әйелдер қауымына өзі жұмыс істейтін жерді көрсетті  (видео)

Димаштың анасы: Ұлымызды аңдып жүрген қыздарды үйге кіргізіп, шәй бердік

Намазға асыққан жүргізуші 6 жасар баланы қағып кетіп, көмектесуден бас тартқан (фото)

Источник: NUR.KZ

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 34

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .