Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олигархқа тұрмысқа шыққысы келген ауылдың қызы жұрттың күлкісін келтірді (фото)

Опубликовано:

Танысу сайттарының біріне өз фотосын жүктеп, қалталы шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуға әзір екенін ашық жазған бойжеткен көпшіліктің таңданысын тудырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы ofigenno.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алайда шетелдік магнаттардан оған ешкім ұсыныс жасамағасын, ресейлік ару жергілікті байларға да тұрмысқа шығуға әзір екенін жеткізді.

"Қалалық қыздардан жалыққан миллионер жігітпен тұруға әзір ауылдың қызы боламын. Керемет сұлу болмасам да, ақылдымын және дәмді ас әзірлей аламын... Орыс емес қалталы азаматты іздеймін. Мені еркелетіп, ақша санап беріп тұратын өз бизнесі бар ер адам керек. Отыз жасқа дейін ғана. Өзі келіп мені алып кетуі тиіс. Жекежайым болса деймін. Есесіне бар қалауыңды орындаймын", - деп жазған хабарламаларында бойжеткен.

Бұл хабарламаларға ешкім жауап қатпаған болуы керек. Бойжеткен көп ұзамай қалталы азаматтың сүйіктісі емес, үй қызметшісі болуға да әзір екенін жазған.

Желі қолданушыларының кейбірі бойжеткеннің хабарламасын шын мәнінде оны қызғанып, өш алмақ болған бұрынғы жігіті жазуы мүмкін екенін алға тартуда. Дегенмен қалталы азаматқа өзін ашық сатуға кірісті деп ойлатындар әлдеқайда көбірек.

Тағы оқыңыздар:

Ішкі істер органдарындағы ең сұлу қызметкерді таңдаңыз (фото)

Қазақстандықтарды жаңа медициналық сақтандыру жүйесінде не күтіп тұр?

65-ші жылғы сыныптас қыздардың WhatsApp-тағы әңгімесі желіні жарды (фото)

ОҚО-да үйлену тойына келе жатқан жас жұбайлар қар құрсауында қалып қойды 

27 жасында бес баланың анасы атанған келіншек бақыттың не екенін айтты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1417363-oligarkhqa-turmysqa-shyqqysy-kelgen-au/

pixel