Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім министрі балалардың үй тапсырмасын азайтуға уәде берді

Опубликовано:

Оқушылар үй жұмысына жұмсалатын уақыт бойынша 65 мемлекет ішінде 4-ші орында. Талдау нәтижелері үй тапсырмаларының көлемі мен білім жетістіктері арасындағы тура ара қатынастың жоқтығын көрсетеді.

Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында  Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты, деп хабарлайды Baq.kz.

"Біздің оқушылар үй жұмысына жұмсалатын уақыт бойынша 65 мемлекет ішінде 4-ші орын алады. Халықаралық талдау нәтижелері үй тапсырмаларының көлемі мен білім жетістіктері арасындағы тура ара қатынастың жоқтығын көрсетеді. Оқыту процесін дұрыс жолға қойған жағдайда үй жұмысы көлемін азайтуға болады. Оны азайтуымыз қажет", - дейді Сағадиев.

Оның айтуынша, бұл мәселемен мұғалімдер мен мамандардан құралған екі ауқымды тобы айналысқан.

"Бұл жерде екі нұсқа ұсынылды. Үй жұмысын барлық пәндер бойынша азайтып беру немесе тапсырмалар тек кейбір пәндер бойынша ғана беру. Екі жағдайда да үй жұмысын орындау уақытын орта есеппен күніне бір сағатқа азайтып, демалыс күндері мүлде берілмейді. Бүгінде бұл мәселе педагогтар мен ата-аналардың жаппай талқылауына ұсынылды", - дейді министр.

Тағы оқыңыздар:

Алматы әкімдігіндегі аула сыпырушы қызметтік көлікпен сүйіктісін қыдыртып қайтты (видео)

Ақтөбеде әулие Валентин күнін тойлаған төрт қыз ауруханадан бір шықты (фото)

Бауыржан Байбек: Қазақтар еуропалықтарға қарағанда әлдеқайда бай тұрады

Қазақстанға жиі келетін атағы жер жарған әлемдік жұлдыздар кімдер? (фото)

Жарты әлемді мойындатқан Димаштың бала кезіндегі сұхбаты елді сүйсінтті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1414639-bilim-ministri-balalardynh-uy-tapsyrm/

pixel