Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған бүлдіршін 8 жасында миллионер атанды (фото)

Опубликовано:

Әр адам табысқа жетуді көздейді. Жетістікке жеткен кәсіпкерлердің өмір жолынан үлгі алып, олардың ерлігін қайталауға тырысамыз. Бүгінгі күні күллі әлемге ең жас кәсіпкер ретінде танылған Райан Росстың шағын еңбек жолы өзіңізге және жеке кәсібіңізге деген сенімділігіңізді арттыра түсетіні сөзсіз.

Үш жасында тауық асырап, кәсібін жұмыртқа сатудан бастаған ол өзінің алғашқы миллионын сегіз жасында тапқан.

Алғашында оның иелігінде 60 тауық болды. Райан 12 жұмыртқаны үш долларға сатып, орташа есеппен күніне 15-20 доллар қаржы тапқан. Уақыт өте келе, ол жұмыртқа сатуға қарағанда көп табыс әкелетін кәсіппен айналысуды жөн көреді.

Кішкентай кәсіпкердің келесі бизнес идеясы көршілердің көгалын 25 долларға ретке келтіріп, тазалап беруге негізделді . Әрине, көгал шапқышты кішкентай бала басқара алмайды. Өз ойын жүзеге асыру мақсатында Райан 20 долларға қызметкер жалдап, 5 долларына табыс көрген .

Жас кәсіпкердің кәсібі күннен күнге көркейді. Жергілікті банк қызметкерлері оның жұмысына қолдау көрсету мақсатында оған банктен арнайы шот ашады. Төрт жасар Райан Росстың шотында 1500 доллар сақталды.

Көпшілік оның үш жасында кәсіпті бастағанына сенбейді. Росстың кәсібі ата-анасының көмегімен ғана табысқа кеңелді деп санайтындар аз емес. Алайда, ата-анасының айтуы бойынша, олар баласына тек қана рухани көмек көрсеткен. Ал Райан уақытының бір бөлігін балабақшада өткізсе, екінші бөлігін өз кәсібіне арнаған.

Бүгінгі күні 11 жастағы Райан барлық ақшасын жылжымайтын мүлікке инвестициялаған. Оның иелігінде Онтариода орналасқан алты мекеме бар. Бос уақытында Райан Росс баскетболл, хоккей ойнағанды ұнатады. Сондай-ақ, бала кәсіпкер өзін-өзі дамыту, жетілдіру кітаптарын сүйіп оқиды. Бір қызығы, ол ата-анасы рұқсат бермегендіктен ұялы телефон пайдаланбайды.

Тағы оқыңыздар:

Белгілі шоумен қырғыз бен қазақ тойларының ерекшелігін айтты

Қорғаныс министрі зардап шеккен әскерилердің жағдайын өзі барып білді (фото)

Головкиннің тісін қағамын деген боксшы қарсыласын бірінші раундта құлатты (видео)

Мирзияев Жамбыл облысындағы оқиғаға байланысты Назарбаевқа көңіл айтты

Бокс маманы: Мұндай жекпе-жек Исламға ештеңе бермейді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1414106-kasibin-zhumyrtqa-satudan-bastaghan-bu/

pixel