1412976 Амандық Баталов тиісті мекемелерге ардагерлердің мәселесін шешуді тапсырды ➨ Читайте больше на NUR.KZ Политика

Алматы облысының әкімі ауған соғысы ардагерлерін қабылдады

Бүгін Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында облыс әкімі Амандық Баталов Ауған соғысына қатысушылармен кездесті. Кездесуге облыс аумағында тұратын 30-дан астам ардагер қатысты.

Алматы облысының әкімі ауған соғысы ардагерлерін қабылдады

Кездесуде облыс әкімі А. Баталов тарихта Ауған соғысы деген атпен қалған ауыр жылдарда ерлік көрсеткен азаматтардың есімдері ел жадынан өшпейтініне, ауғандық ардагерлердің бүгінгі тәуелсіз Қазақстандағы жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудегі рөліне, облыстың бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауларға тоқталып өтті.

- Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы: «Жаужүрек бабаларымыздың, аға буын ардагерлеріміздің жауынгерлік антқа адалдығы жас ұрпаққа үлгі болуы тиіс»- деген болатын.

Бүгінде ардагерлердің бірі жас ұрпаққа әскери-патриоттық тәлім-тәрбие берсе, енді бірі өнеркәсіп, өндірісте, шағын және орта бизнес саласында облыстың экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосуда. Осы орайда, Сіздерге болашақ ұрпақ, жастарды Отанды сүю, елжандылыққа тәрбиелеу ісіндегі азаматтық қызметтеріңіз үшін шынайы ризашылық білдіремін, - деді А. Баталов өз сөзінде.

Мұнан соң облыстық Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының үйлестіру кеңесінің төрағасы Ержан Данабеков сөз алып, бірқатар мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, медициналық ұйымдарда «Ауған соғысы ардагерлері кезексіз қабылданады» деген тақтайша ілініп, кезексіз қабылдау, санаторлық-курорттық жолдамалар алудағы ауғандықтардың үлес-салмағын арттыру, ардагерлер мен олардың жесірлерін тұрғын үймен қамту мәселесін көтерді. Мәселен, осы кездесуге қатысқан ауған соғысы ардагерінің жесірі, екінші топтағы мүдегек Маржан Базарованың ВТЭК-тен өтудегі кедергілері, әлі күнге тұрғын үйге қол жеткізе алмай жүргені айтылып, облыс әкімі А. Баталов тиісті мекеме басшыларына мәселелерді қарастыру туралы тапсырма берді. Сондай-ақ Е. Данабеков әке-шешесінен бірдей айырылған, облыс әкімінің грантымен жоғары оқу орнында оқып жатқан Толғанай Сүлейменованың стипендия алмайтыны да қиындық туғызып отырғанын жеткізді. Бұл мәселені шешуді облыс әкімі қала басшысы Б. Қарасаевқа тапсырды.

Сөз алған ауған соғысына қатысушылар жеке кәсіпкерлікке қолдау көрсету, қоғамдық көлікте тегін жүру, табиғи газ қостыруда жеңілдіктер қарастыру, ауғандықтар арасында жылына бір рет спорттық жарыстар ұйымдастыру сияқты көптеген мәселелерді қамтыды.

Барлық ұсыныстарды мұқият тыңдаған облыс әкімі әрбір сауалға тыңғылықты жауап беріп, облыстағы денсаулық сақтау, спорт, жолаушылар көлігі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жұмыспен қамту, білім салаларының басшыларына аталған мәселелерді шешу тетіктерін қарастыру, іс-шаралар жоспарына енгізу, нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Источник: Nur.kz

Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter или Cmnd+Enter


Ваша реакция

Спасибо за ваше мнение

Вы уже голосовали

Читайте также

Загрузка...


Комментарии 6

Содержание комментариев к новостям не имеет никакого отношения к редакционной политике NUR.KZ. Мы не несем ответственность за форму и характер выставляемых комментариев. Просьба соблюдать установленные правила .