KZ
Қуырылған картоп фриінің денсаулыққа зиян екені рас па?
Новости Интересно

Қуырылған картоп фриінің денсаулыққа зиян екені рас па?

Расcказать Вконтакте

Әдетте, қайнатылған тағамды қуырылған тағамға қарағанда пайдалы деп есептейтініміз рас. Ал көпшілік сүйіп жейтін картоптан жасалған фри ең зиянды тағамдар тізімінде тұр. Бұл расында солай ма?

Қуырылған картоп фриінің денсаулыққа зиян екені рас па?

Картоптан жасалған фри. Фото: vk.com

Қуырылған картоп қайнатылған картоптан әлдеқайда пайдалы. Тек дайындау барысында бірқатар ережелерді сақтау керек.

Испаниядағы Гранада университетінің ғалымдары тәжірибе жүргізіп, көкөністі әртүрлі тәсілмен дайындап көрді. Олар қай әдістің онкологиялық ауруларға шалдығу қаупін төмендететін полифенолға әсер ететінін байқап көрген.

Эксперимент барысында картоп, пияз, баклажан, бөрікгүл және бұрышты қайнатып, бұқтырып, кейін зәйтүн майына қуырады. Кейін олардың қайсысында пайдалы заттардың көбірек сақталғанын салыстырады.

Зерттеушілер антиоксиданттың көп жағдайда су қосылмай қуырылған көкөністерде сақталғанын байқаған. Өйткені, көкөністі қайнатқан кезде полифенол және басқа да құнарлы заттар сорпаға кетіп қалады. Ал қуырылған көкөністе бұл заттар сақталып қана қоймай, зәйтүн майының құрамындағы пайдалы заттармен толығады.

Сондықтан, қуырылған картоптан гөрі зәйтүн майында дайындалған фри пайдалы деп есептеуге болады.

Дереккөз: adme.ru

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Ваша реакция
16
4
16
3
0
12
39
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Загрузка...
Комментарии
Mailfire view pixel