KZ
Ас үйдің шаруасын тез бітіру үшін не істеу керек?
Новости Интересно

Ас үйдің шаруасын тез бітіру үшін не істеу керек?

Расcказать Вконтакте

Нағыз аспаздар жарты сағатта істейтін шаруаға қарапайым адамдар бір жарым сағатын жұмсайды. Оның себебі, өз ісінің шебері тағам дайындауды мейлінше жеңілдететін түрлі әдістерді пайдаланады.

1. Мұзыңыз мөлдір болсын десеңіз, қайнатылған суды қатырыңыз. Мейрамханадағы мұз мөлдір келеді. Ал үйдегі тоңазытқыштағы мұз аппақ болып қатады. Мұның сыры судың сапасында. суды алдымен қайнатып алып, пішінге құйыңыз.

2. Жұмыртқаның жаңа немесе ескі екенін білу үшін оны бүтіндей суға салыңыз. Жаңа жұмыртқа судың түбіне түсіп кетеді. Ал ескісі судың бетіне тігінен тұрады.

3. Көп жұмыртқа пісіргіңіз келсе, бірден пешке салыңыз. 160 градусқа қызыдырылған пеште олар 15-30 минутта дайын болады.

4. Лимонның сөлін сарқып алу үшін оны үстел бетіне алақаныңызбен басып, дөңгелетіп алыңыз. Сонда лимоннан көп сөл бөліп алуға болады.

5. Бокал толы шарапқа бірнеше мұздатылған жүзім салып жіберіңіз. Сонда сусын салқындап, өз дәмін сақтап қалады.

6. Зімбірдің қабығын ас қасықпен оңай аршуға болады.

7. Балмұздақты полиэтиленді пакетке салып сақтасаңыз, ол тастай болып қатып қалмайды.

8. Сарымсақты (чеснок - еск.) тазалау үшін жабык ыдысқа салып, шайқап алыңыз. Сонда оның қабығы тез түсіп, жұмысыңыз жеңілдейді.

Дереккөз: lifehacker.ru

Ваша реакция
7
4
9
5
0
29
23
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Комментарии
Mailfire view pixel