KZ
Айнадағы түріміз бір басқа, фотодағы түріміз бір басқа. Қайсысына сенеміз?
Новости Интересно

Айнадағы түріміз бір басқа, фотодағы түріміз бір басқа. Қайсысына сенеміз?

Расcказать Вконтакте

Айнадағы түріміз бір басқа, фотодағы бейнеміз мүлде бөлек. Бұл - барлығымызға таныс жағдай. Себебі неде? Фотоаппаратта ма, әлде айнада ма? Біздің нағыз бет-бейнемізді қайсысы шынайы көресетеді? Неліктен біз өзімізді фотосурет пен айнада екі түрлі көреміз?

Біз айнаның алдына үйде жүргенде жиі жақындаймыз. Үйде өзімізді еркін әрі жайбарақат сезінеміз. Ал кадрға біз әдетте бөтен жерде, күтпеген уақытта түсіп қаламыз. Сондықтан, кейде кешкі отырысқа дайындалып, шығып бара жатқанда айнадан өзімізді мінсіз сезінеміз, ал отырыстағы кадрда мүлде басқаша көрінеміз.

Оның себебі - біздің бет әлпетіміз симметриялы емес. Бұл бәрімізге тән нәрсе. Бар гәп осында. Біз күнделікті таңертең өзімізді айнадан үйреншікті орнымыздан үйреншікті қашықтықта көреді екенбіз. Ал фотода бізге ешкім ескертпей түсіріп алады.

Әрине егер сіз Одри Хепберн секілді өзіне қолайлы бір ракурстан түсіруді талап ететін жұлдыз болмасаңыз, бәріміз де фотодағы түрімізге риза болмай өтеміз.

Түсіп тұрған жарықтың өзіндік температурасы болады. Біз айнаға қарап тұрған сәтте сол ерекшеліктерге мән бермейміз. Өйткені біздің миымыз барлық артықшылықтарды теңестіріп, өзімізге үйреншікті түрімізді көрсетеді. Ал фотода шынайы жарық көрінеді. Сондықтан өмірде бетімізге түскен түрлі шамдардың жарығын айнадағы бейнемізде елей қоймаймыз. Ал нақты жарық жағдайы бейнеленген фотосурет ұнамай қалып жатады.

Біз айнадан әдетте бейнеміздің бір бөлігіне ғана баса назар аударатынымзды естен шығармаңыз. Ал фотосуретте біз барлығын бүтіндей қабылдаймыз. Мысалы тұрысымыз ұнамай қалады, қолымыз көрінбей қалады дегендей.

Айнадан біз өзіміздің "керісінше бейнемізді" көреміз және соны әдетке айналдырып аламыз. Ал фотосуртеттерде өзімізді айнадағылардың көзімен көреміз.

Дереккөз: adme.ru

Ваша реакция
2
3
5
7
0
15
19
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Читайте также
Комментарии
Mailfire view pixel