Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бананды қайнатып, сол суды жатар кезде ішсеңіз нәтижесі таң қалдырады

Опубликовано:

Бұл тәжірибе емес. Бұл Бэар Гриллстің ақыл-кеңесі де емес. Осыны ескерсеңіз болды! Егер бұл сіздің өміріңізге қауіпті деп ойласаңыз бұл мақаланы оқымағаныңыз жөн.

Күнделікті өмірде қатты шаршайтынымыз соншалық, түнімен ұйқымыз қашып, дұрыс демала алмаймыз. Бананның құрамындағы магний ұйқыны қалыпқа келтіреді.

Сондай-ақ бізге қанның құрамындағы қантты реттейтін даршын қажет.

Біз осы екі затты пайдаланып, тағам дайындаймыз.

Қажет заттар: бір банан (қабығымен), су, бір шымшым даршын. Бірінші кезекте бананның екі ұшын кесіп алып тастаймыз, содан соң бананды қайнап жатқан суға салып, 10 минут қайнатамыз. Суыңыз минералды су болса тіпті керемет. Содан кейін бір шымшым даршынды қосамыз.

Банан адамның ұйқысын сәбидің ұйқысындай тәтті етуге ықпал жасайды.

Сонымен, бананды қайнатып ішіп көріңіз. Ұйқыңыз жақсаратыны сөзсіз. Қолданар алдында емдеуші дәрігермен ақылдасуды ұмытпаңыз!

Дереккөз: vmirechudes.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/1392097-banandy-qaynatyp-sol-sudy-zhatar-kezde/

pixel